8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

«Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» кіреді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Бұл қызмет екі кезеңде көрсетіледі:
1. Өлшем құралдарына эксперименталдық зерттеулер жүргізу;
2. Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат негізінде өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру.

Бірінші кезең мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықпен («ҚазМетрИн») өтініш пен келісім шарт негізінде жасалынады.
Бұл жұмысты жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.21-2017 «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» бойынша реттеледі.

Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша өтініш берушіге келесі құжаттар жинағы беріледі:
1) өтініште көрсетілген өлшем құралдарына сынақ жұмыстары кезінде оң не теріс нәтиже алынғанын білдіретін хат;
2) типтік бағдарламаға сынақтар немесе өзгерістер және/немесе толықтырулардың бекітілген бағдарламасы (сынақ бағдарламасын әзірлеген жағдайда);
3) бекітілген салыстырып тексеру әдістемесі (салыстырып тексеру әдістемесін әзірлеген жағдайда);
4) тип сипаттамасының жобасы екі данада;
5) бекітілген сынақ хаттамасы

Екінші кезең мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталығының сараптамалық қорытындысы бойынша сараптама барысында бірінші кезеңде оң нәтиже беріліп, өтініш берушіге өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе өлшем құралдарының партия типін бекіту туралы сертификат беру.

Сертификат алу тәртібі мемлекеттік қызмет стандарты мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен реттеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының (немесе уәкілетті өкіл: заңды тұлғаның құжат бойынша өкілеттігін растайтын құжат; жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша):

1) Мемлекеттік корпорацияға:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін өтініш;
- мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
- ҚР СТ 2.21-2007 «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі» Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы екі данада;
- ашық басылымда типтің сипатын жариялауға рұқсаты туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты;
- жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

2) порталда
Электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады:
- мемлекеттік стандартты үлгі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
- ҚР СТ 2.21-2007 «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі» Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы;
- типтің сипаттамасын ашық басылымда жариялау мүмкіндігі туралы өтініш берушінің хаты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күн.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 28-29 44.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Тізімге оралу