8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

«Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» кіреді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Бұл қызмет екі кезеңде көрсетіледі:
1. Өлшем құралдарына эксперименталдық зерттеулер жүргізу;
2. Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат негізінде өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру.

Бірінші кезең мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықпен («ҚазМетрИн») өтініш пен келісім шарт негізінде жасалынады.
Бұл жұмысты жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.30-2017 «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау тәртібі» бойынша реттеледі.

Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша өтініш берушіге келесі құжаттар жинағы беріледі:
1. Өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемесі (егер жасалған болса);
2. Өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау бағдарламасы (егер жасалған болса);
3. Өтініште көрсетілген өлшем құралдарына сынақ жұмыстары кезінде оң не теріс нәтиже алынғанын білдіретін хат;

Екінші кезең мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталығының сараптамалық қорытындысы бойынша сараптама барысында бірінші кезеңде оң нәтиже беріліп, өтініш берушіге өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру.

Сертификат алу тәртібі мемлекеттік қызмет стандарты мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен реттеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан метрология институты» РМК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының (немесе уәкілетті өкіл: заңды тұлғаның құжат бойынша өкілеттігін растайтын құжат; жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) мемлекеттік корпорациясына және порталға:

1) сертификат алу үшін:
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат алу үшін өтініш;
- мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

2) сертификаттың телнұсқасын алу үшін:
- мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
- құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күн;
- сертификаттыңтелнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 28-29 44.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Тізімге оралу