8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Стандартты үлгілерді әзірлеу тәртібі

«Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен 2019 жылдың 11 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.

Стандартты үлгінің типін бекіту туралы шешімді Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізетін метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде уәкілетті орган қабылдайды және «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер» МЕМСТ 8.315 (бұдан әрі – МЕМСТ 8.315) белгіленген нысан бойынша стандартты үлгінің типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға мынадай құжаттарды жібереді:
1) стандартты үлгінің атауын, мақсатын және қолдану саласын көрсете отырып ерікті нысанда өтінішті;
2) стандартты үлгіні әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТ);
3) ТТ барлық тармақтары бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ғылыми-техникалық есепті;
4) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді және/немесе аттестатталған мәндерді анықтау үшін пайдаланылған өлшемдерді орындау әдістемесін аттестаттауды растайтын құжаттардың көшірмелері немесе деректемелері;
5) МЕМСТ 8.315 сәйкес стандартты үлгінің типін сипаттау жобаларының екі данасы, стандартты үлгінің паспорты, стандарты үлгінің затбелгісі;
6) стандартты үлгінің бір данасы немесе оның фотосуреті.

Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама кезінде МҒМО:
1) стандартты үлгінің техникалық және метрологиялық сипаттамаларының ТТ талаптарына сәйкестігін бағалауды;
2) МЕМСТ 8.315 талаптарына сәйкес стандартты үлгіге арналған ТТ ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын бағалауды;
3) «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары» МЕМСТ 8.009 және «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шама бірліктері» МЕМСТ 8.417 сәйкес метрологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын тексеруді;
4) Халықаралық бірліктер жүйесіне, ұлттық эталондарға және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына не өлшемдерді орындаудың бастапқы референттік әдістемелеріне метрологиялық бақылап тексеру қамтамасыз етілетін шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын, бекітілген типтердің стандартты үлгілерін, өлшемдерді орындау әдістемелерін зерттеу кезінде әзірлеу барысында тексеруді;
Республикада мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған басқа елдердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына дейін бақылап тексеруді қамтамасыз етуге рұқсат етіледі;
5) Заңның 6-2-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілетін Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларымен белгіленген тәртіпте аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін пайдалануды тексеруді;
6) МЕМСТ 8.315 - талаптарына сәйкес зертханааралық аттестаттау нәтижелерін қарауды;
7) стандартты үлгіні дайындаудың есептік-эксперименттік рәсімін қарауды жүзеге асырады.

МҒМО стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттардың метрологиялық сараптамасының оң нәтижелері кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде ерікті нысанда сараптамалық қорытындыны және стандартты үлгі типінің бекітілген сипаттамасын өтініш берушіге жібереді.
МҒМО метрологиялық сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ескертулерді жою туралы ұсынымдарымен сараптамалық қорытындыны жібереді және құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

Тізімге оралу