8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Сертификаттық сынаулар

Электромагниттік үйлесімділікке сертификаттық сынаулар

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету қазіргі кездегі әлемдегі өндірістің барлық салаларының үздіксіз дамуына байланысты электр техникасының айрықша өзекті мәселелерінің біріне жатады.

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі (ЭМҮ) – техникалық құралдардың оларға байқаусыз электромагниттік кедергілердің әсері кезінде талап етілетін сапамен нақты пайдалану жағдайында және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік кедергілерді болдырмай біруақытта жұмыс жасау қабілеттілігі болып табылады.

ЭМҮ-тің талаптарын орындамау адамның қызметінің әртүрлі саларында және өндірістік кәсіпорындарда айтарлықтай елеулі зардаптарға: әуе кемесінің, теміржол көлігінің, автоматтандырылған өндірістік желілердің, өндірістік объектілердің және энергетика объектілерінің, медициналық жабдықтардың электрондық жүйелерінің жаңылуына әкеліп соғады.

«Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Кедендік одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №879 Шешімімен бекітілген Кедендік одағының 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» техникалық регламентіне сәйкес сертификаттық сынақтар кезінде техникалық құзыреттілікке ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 (2015 жылғы 23 қарашадағы № KZ.И.01.0829 аккредиттеу аттестаты) сәйкестікке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханасы бар.
Кеден одағының осы техникалық регламенті электромагниттік кедергілерді жасау мүмкіндігі бар және (немесе) олардың жұмыс жасау сапасы сыртқы электромагниттік кедергілердің әсерлеріне тәуелді Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын техникалық құралдарға таралады.
 
Институт зертханасыныңаккредиттеу саласына мынадай өнім топтары:
  1. электр аппараттары және тұрмыстың мақсаттағы құралдар;
  2. дербес электронадық есептеу машиналарына қосылатын техникалық құралдар;
  3. электрлендірілген құрал (қол және тасымалды электр машиналары)
  4. электромузыкалық құралдар кіреді.

Тізімге оралу