8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Салыстырып тексеру таңбаларын енгізу

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 шілдеде № 9582 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану ережелеріне сәйкес салыстырып тексеру таңбаларын дайындауға өтінімдер аккредиттелген метрологиялық қызметтерге шифрларды, металл таңбаларына реттік нөмірлерді, өзіндік жабыстырылатын лейблдерге, пластикалық пломбаларға нөмірлік кодтарды тағайындайтын және олардың дайындалуын ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа жіберіледі.

«Қазақстан метрология институты» РМК 1996 жылғы 1 қарашадағы №1342 ҚР Үкіметі қаулысының негізінде мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық ретінде анықталды.

Салыстырып тексеру таңбалары металл таңбалары, жез таңбалары, өзіндік жабыстырылатын лейблдер мен пластикалық пломбалар түрінде дайындалады.

Метрологиялық қызметтер салыстырып тексеру таңбаларын қолдану жыл басына дейін алты ай ішінде салыстырып тексеру таңбаларын дайындауға арналған еркін түрдегі өтінімді «ҚазМетрИн» РМК мекенжайына ұсынады.

Өтінім сканерленген нысанда шығыс нөмірімен және тіркеу уақытымен 270919@list.ru электрондық почта бойынша, ал түпнұсқасы : 010016, Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік ел даңғылы, 11 мекен-жайына жіберілуі мүмкін. Кеңсе телефоны: 282-981.

Салыстырып тексеру таңбаларын (өзіндік жабыстырылатын лейблдер, пластикалық пломбалар) әзірлеу мерзімі – төленген күннен бастап 1 айдан артық емес; метал және жез таңбаларын әзірлеу – 5 айдан артық емес.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына қайта аккредиттелген метрологиялық қызметтер аккредиттеу аттестатын алғаннан кейін салыстырып тексеру таңбаларын дайындауға өтінімді «ҚазМетрИн» РМК ұсынуы қажет.

Тізімге оралу