8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Газ қоспалар газталдай дайындау

2010 жылдан бастап «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының базасында алғаш рет республикада жаңа өндіріс – салысытырып тексерілетін газ қоспаларын өндіру (ПГС) игерілді.

Салысытырып тексерілетін газ қоспалар газталдайтын өлшеу құралдарын (газталдауыш, газдың белгі бергіші, масс-спектрометр, хроматограф т.б.) салыстырып тексеру және калибрлеу үшін керек. Бұл өлшеу құралдар қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайын мониторинг үшін, өлшеу әдістерін аттестаттау үшін, стандартталған және сертификатталған әдістермен және метрологиялық жұмыстардың басқа да түрлерімен орындалатын өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын бақылау үшін химия өнеркәсібі, энергетика, мұнай және газ зауыттарында процесін бақылау үшін пайдаланылады.

«Қазақстан метрология институты» РМК Қарағанды филиалы салысытырып тексерілетін газ қоспалардың 373 үлгіні өндіреді, олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында талап етіледі.

2014 жылға дейін салысытырып тексерілетін газ қоспалары СТ КФ РГП 38969790-003-2009 сәйкес дайындалған. «Салысытырып тексерілетін газ қоспалары - стандартты құрам үлгілері. Техникалық шарттар», ал 2014 жылдан бастап ҚР СТ 2352-2013 «Салысытырып тексерілетін газ қоспалары. Техникалық шарттар» іске қосылған.

Салысытырып тексерілетін газ қоспалардың барлық түрлері Қазақстан Республикасының МӨЖ тізіліміне енгізілген. Барлық өндірілген салысытырып тексерілетін газ қоспалары 100% қазақстандық мазмұнға ие, бұл CT-KZ түріндегі тауардың шығу тегі сертификатымен расталады. Қазіргі уақытта шығарылатын ПГС түрлерінің номенклатурасы - 417 түрі (1-қосымша).

Өндірісте қысымды кемелерді жөндеуге (14.04.2010ж. № 0003782), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдау құқығына мемлекеттік лицензия (06.03.2012 ж. TRL №014138) бар.

Салысытырып тексерілетін газ қоспалардың сапасы шетелдік аналогтардан кем түспейді.

Өндіріс мерзімі - төлем күнінен бастап 30 күнге дейін.

Жеткізу тәсілі - өздігінен жеткізу немесе Тапсырыс берушіге жеткізу.

Салысытырып тексерілетін газ қоспаларын толтыру Клиенттің баллондарға да, Жеткізушінің баллондарға да орындалады.

2014 жылдан бастап газды азотты өндіру ҚР СТ 2348-2013 «Салысытырып тексерілетін бос газ азот. Техникалық шарттар» талаптарына сәйкес игерілді.

Байланыс ақпарат:
«ҚазМетрИн» РМК ҚФ директоры
Ахмеров Рашид Мубаракович
8 (7212) 44-17-33
8 (7212) 44-22-63
ПГС өндіріс бөлімі
Бөлім меңгерушісі
Александров Владимир Владимирович
8 (7212) 44-09-25
E-mail: kf@kazinmetr.kz

Коммерциялық ұсынысқа арналған өтініші (Қосымша 2)
Шарт жасасу туралы өтініш (Қосымша 3)

Тізімге оралу