8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабының талаптарына сәйкес Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi. «ҚазМетрИн» РМК салыстырып тексеру зертханасы ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес өлшем құраладарына салыстырып тексеруді жүргізуге ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.

«ҚазМетрИн» РМК «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен бекітілген аккредиттеу аясының шегінде жұмысты жүзеге асырады. Аккредиттеу аясын жүктеу. «Аккредиттеу субъектінің атауы» жолында «ҚазМетрИн» деп жазу қажет және ҚР ИДМ ТРМК «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖХ РМК СТЗ құжатын жүктейді

Салыстырып тексеруді орындау мерзімі – төлем түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Салыстырып тексеруді жүргізуге өтінімдерді және салыстырып тексеруге баға ұсыныстарының сұрауларын «ҚазМетрИн» РМК қабылдау бюросы қабылдайды және өңдейді.

Анықтама алу үшін байланыс деректері: bp@kazinmetr.kz +/7172/282-934, 282-991

Тізімге оралу