8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Сынау нәтижесін тану және типті бекіту

Сынау нәтижесін тану және типті бекіту

1. ПМГ 06-2001 талаптарына сәйкес сынау нәтижесін тану және типті бекіту

Сынау нәтижесін тану және типті бекіту ПМГ 06-2001 «Өлшем құралдар сынау нәтижесін және типін бекіту, салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттауды өзара тану тәртібі» талаптарына сай жүзеге асырылады.

Типті бекіту және сынау нәтижелерін тану рәсіміне 1992 ж. 13 наурызда қол қойылған типті бекіту және мемлекеттік сынақтар нәтижелерін, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, сонымен қатар сынау, салыстырып тексеру мен калибрлеуді жасайтын зертханалаар аккредитациясының нәтижелерін өзара тану Келісімінің қатысушы-мемлекеттерінде дайындалған өлшем құралдар жатады.

Бұл рәсімді өткізу үшін өлшеу құралдарын импорттаушы (экспорттаушы) мүдделі мекеме өндіретін елдің ұлттық органы арқылы импорттаушы елдің (экспорттаушының) ұлттық органына:
  • мемлекеттік тізілім үшін тип сипаттамасымен қоса берілген өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат (немесе басқа құжат) көшірмесі;
  • салыстырып тексеру әдістемесімен ГОСТ 2.601 бойынша пайдалану құжаттамасы;
  • жасалып шығарғандағы өлшем құралдарды салыстырып тексеру куәлігінің түрі және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының түрі ұсынады.
Типті бекіту туралы сертификат қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда өлшем құралдарын импорттау (экспорт) мүдделі ұйымы дайындаушы елдің ұлттық органы арқылы ұсынады:
  • импорттаушы мемлекеттің ұлттық органы берген қосымшасында мемлекеттік тізілім үшін тип сипаттамасы бар типті бекіту туралы сертификат түпнұсқасы;
  • типті бекітуге сәйкестікке өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі.
Негізгі техникалық және метрологиялық сипаттамаларына әсер ететін өлшем құралдарының конструкциясы өзгертілсе, өлшем құралдарының жаңа типінің жасалғанымен теңестіріледі, ал бұл өлшем құралдарының бекітілген типке сәйкестігін сынау нятижелерін тану 5.1 тармағына сай жаңадан бекітілген тип талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ПМГ 06-2001 5.3 тармағына сәйкес импорттаушы мемлекеттің ұлттық органы өлшем құралдарын импорттаушы (экспорттаушы) мүдделі ұйымнан төлем түскен уақыттан бір ай ішінде ұсынылған құжаттарға сараптама жасап өлшем құралдарының типін сынау нәтижелері мен бекітуді, бекітілген типке сәйкестікке сынауды, алғашқы салыстырып тексеруді тану (танымау) туралы шешім қабылдайды.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия талаптарына сай типті сынау нәтижелерін және бекітуді тану

Типті сынау нәтижелерін және бекітуді тану «Өлшем бірліктерін қамтамасыздандыру бойынша жұмыстар нәтижелерін өзара тану ережесі» талатарына сай жүзеге асады (2016 ж., 18 қазандағы № 145 Еуразия экономикалық комиссиясы Кеңесінің шешімі).

Өлшем бірліктерді қамтамасыздандыру бойынша жұмыстарды өзара тану (бұдан әрі – жұмыстар) мемлекеттік билік органдары немесе осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілетті (хабардар етілген) мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың атқаратын жұмыстарына қатысты (бұдан әрі - уәкілетті орган (ұйым)) жұмыс жүргізу тәртібіне және осы ережеге сай жүзеге асады.

Нәтижелерді өзара тану келесі жұмыстарға қатысты жүзеге асады:
  • өлшеу әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау;
  • өлшеудің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшеу әдістемесін (әдісін) аттестаттау;
  • стандарттық үлгілер типін бекіту;
  • өлшем құралдарының типін бекіту;
  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру.
Өлшем құралдарының (стандартты үлгі) типін бекіту және өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін тану мемлекеттер-мүшелері аумағында өндірілген өлшем құралдарына сай жүзеге асырылады.

Үшінші мемлекетте жасалған өлшем құралдарының типін бекіту мемлекеттер-мүшелері заңнамасына сай жүзеге асады.
Жұмыстар нәтижелерін өзара тануды жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттер- мүшелермен анықталады.

Жұмыс соңында уәкілетті орган (мекеме) жұмыстар нәтижесін өзара тануды жүзеге асыратын мемлекеттер-мүшелер ұйымдарына келесіні береді:
  • өлшеу әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау және өлшеудің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшеу әдістемесін (әдісін) аттестаттау бойынша жұмыстар нәтижесін тану үшін – өлшеу әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау туралы куәлік көшірмесі және өлшеу әдістемесі (әдісі);
  • стандарттық үлгілер типін бекіту бойынша жұмыстар нәтижесін тану үшін – стандарттық үлгі типін бекіту туралы сертификат көшірмесі, стандарттық үлгі типінің сипаттамасы, стандарттық үлгі паспорты және этикеткасы, сонымен қатар пайдалану құжаттары (болған жағдайда);
  • өлшем құралдар типін бекіту бойынша жұмыстар нәтижесін тану үшін – өлшем құралдар типін бекіту туралы сертификат көшірмесі, өлшем құралдар типінің сипаттамасы, салыстырып тесеру әдістемесі, сонымен қатар пайдалану құжаттары;
  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстар нәтижесін тану үшін – өлшем құралдарына салыстырып тексеруді жүргізген уәкілетті мекеме туралы ақпарат салыстырып тексеру белгісінің кескіні. Өлшем құралдарының жасап шығарылған кездегі алғашқы салыстырып тексеру бойынша жұмыстарды тану осы өлшем құралдардың типін бекітуді тану жұмыстарымен бірге жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыстар нәтижесін өзара тануды жүзеге асыратын ұйым осы ереженің 7 тармағында көрсетілген құжаттар мен ақпараттарды алған күннен бастап 20 жұмыс күн мерзімінен асырмай осы құжаттар мен ақпараттарды қарастырып жұмыстар нәтижесін өзара тану (танымау) туралы шешім қабылдайды, өзінің мемлекеттер-мүшелер өлшем бірліктер қамтамасыздандыру саласындағы ақпараттық қорға жұмыстар нәтижесін тану туралы ақпаратты жариялайды және басқа мемлекеттер-мүшелер уәкілетті ұйымға (мекемеге) тиісті хабарландыру жібереді.

Уәкілетті ұйым (мекеме) жұмыстар нәтижесін өзара тану туралы хабарлама алған кезде мынадай іс-шаралар жасайды:
  • жұмыстар нәтижелерінің мемлекеттер-мүшелермен өзара танылғаны туралы жұмыс жасаған өтініш берушіні жазба түрде хабарлау;
  • тиісті жұмыстар орындау тәртібіне сәйкес рәсімделген құжатты жұмысты орындаған өтініш берушіге тапсыру;
  • өзінің мемлекеттер-мүшелер өлшем бірліктер қамтамасыздандыру саласындағы ақпараттық қорға жұмыстар нәтижесін өзара тану туралы ақпаратты енгізу.
Егер осы ереженің 7 тармағына сәкес құжаттар берілмеген жағдайда немесе толық көлемде берілмеген жағдайда жұмыстар нәтижелерін өзара тануды жүзеге асыратын ұйым жұмыстар нәтижелерін өзара танудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Шешім қабылданған күннен 3 жұмыс күн ішінде уәкілетті ұйымға (мекемеге) қабылданған шешім (негіздемесімен) жөнінде хабарлама жіберіледі.

Уәкілетті ұйым (мекеме) жұмыстар нәтижелерін өзара танудан бас тарту жөнінде шешім қабылданғаны жөнінде хабарлама алған соң хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде бас тарту себептерін жою үшін жұмыстар нәтижелерін өзара тануды жүзеге асыратын ұйым мен өтініш берушімен кеңес өткізеді.

Тізімге оралу