8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

«Метрология» журналына жазылу

Институт мамандандырылған профильді «Метрология» ғылыми-техникалық журналын шығаруды жүзеге асырады.

«Метрология» журналы - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді жариялайтын метрология бойынша республикадағы мамандандырылған жалғыз профильді шығарылым. Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) 200 дана тиражбен шығарылады.

"ҚазМетрИн" РМК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2018 ж. шығ. № 3-16-9/1752 хатына Институт "Метрология" мамандандырылған салалық ғылыми-техникалық журналының 2001 жылдың мамыр айынан бастап басып шығарады деп хабарлайды.

2017 жылы журналға бірегей халықаралық стандартты сериялық нөмірі (ISSN) 2522-1744 берілді.2017 жылы журнал Бірыңғай электрондық кітапханаға және Қазақстандық дәйексөз базасына (ҚДБ) енгізілген.

2018 жылы "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама" Ұлттық орталығы АҚ-мен ҚДБ негізінде басылымның импакт-факторын есептеу үшін келісім-шарт жасалынды.

Осы іс-шаралардың мақсаты - "Метрология" журналының Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне қосуы болып табылады.

Негізгі рубрикалар:
  • Оқиға;
  • Халықаралық ынтымақтастық;
  • Эталондар;
  • Өлшем: тәжірибе, әдіс, теория;
  • Тәжірибе алмасу;
  • Сұрақ-жауап.
Журнал Жоғары техникалық оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, метрологиялық қызмет мамандарына, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге жауаптыларға, өлшем құралдарын пайдалану мен қызмет көрсететін мамандар үшін арналған.
«Метрология» Ғылыми-техникалық журналына жазылуға шақырамыз.

Жылдық жазылым құны 6976 тенге (1 нөмірінің құны – 1744 тенге).

Журналға жазылуды рәсімдеу үшін данасы, банктік және заңды реквизиттері көрсетілген өтінімді «ҚазМетрИН» РМК мекенжайына Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11-үй немесе kasimbekov@kazinmetr.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Тізімге оралу