8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Өлшеулерді орындау әдістемесі

2019 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 «Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі- Қағидалар) күшіне енді.
Қағидаларға сәйкес өлшемдердi орындау әдiстемесi (бұдан әрі - ӨОӘ) - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы.
ӨОӘ Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және зерттеу обьектілерін сынау кезінде олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есептік операцияларды жүргізу үшін қолданылады.

ӨОӘ әзірлеу

ӨОӘ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО), жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
ӨОӘ-не құжаттар әзірлеу кезінде мынадай:
1) МЕМСТ 8.010 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер» (бұдан әрі – МЕМСТ 8.010) стандартына сәйкес бастапқы деректерді қалыптастыру;
2) өлшеу есебін тұжырымдау және өлшенетін шаманың сипаттау;
3) өлшеу есебін шешудің ықтимал әдістерін алдын ала іріктеу;
4) өлшем әдістерін және құралдарын (оның ішінде стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды) қосалқы жабдықтарды, реактивтерді және материалдарды таңдау;
5) еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, операторлардың біліктілігіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, өлшеулерді дайындау және орындау кезінде операциялардың дәйектілігі мен мазмұнын белгілеу;
6) әзірленген ӨОӘ-нің дәлдік көрсеткіштерін бағалау бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ӨОӘ-ні экспериментальды сынап байқау, дәлдік көрсеткіштерінің бастапқы талаптарға сәйкестігін талдау;
7) осы ӨОӘ көмегімен алынған өлшемдердің аралық нәтижелерін өңдеу және түпкілікті нәтижелерді есептеу;
8) өлшемдердің алынатын нәтижелерінің дәлдігін бақылау нормативтерін белгілеу және процедураларын әзірлеу;
9) ӨОӘ құжатының жобасын әзірлеу;
10) ӨОӘ аттестаттау;
11) ӨОӘ бекіту;
12) ӨОӘ-лерін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу кезеңдерін көздейді.

ӨОӘ метрологиялық аттестаттау

ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО) немесе ҚР СТ 7.6-2009 «СА РК. Өлшеулерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады. Аккредиттелген заңды тұлғалар туралы ақпарат «ҰАО» ЖШС-нің сайтында орналастырылған.
ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін мыналарды:
1) ӨОӘ қолданылу саласының көрсете отырып ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуге ерікті нысандағы өтінім;
2) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ӨОӘ әзірлеуге бастапқы деректер, бағдарлама және теориялық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелері бойынша есеп;
3) әзірлеуші-кәсіпорынның басшысы бекіткен ӨОӘ (екі данада);
4) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісу (қолдануға рұқсат ету);
5) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу;
6) егер ӨОӘ құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдардың, сондай-ақ құрамында бағалы металдар бар зергерлік және басқа да бұйымдардың құрамының мәнін белгілейтін болса, бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы сондай-ақ басшылықты салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі – бағалы металдарды реттеу саоасындағы уәкілетті орган) келісуді қамтитын құжаттар жиынтығы ұсынылады.
ӨОӘ метрологиялық аттестаттаудан кейін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатады.

ӨОӘ тіркеу

ҚР МӨЖ тізілімінде республика шегінде әзірленген ӨОӘ тіркеуді жүргізу үшін ӨОӘ-ге метрологиялық аттестаттау жүргізген заңды тұлға немесе пайдаланушы МҒМО-ға мыналарды:
• қолданылу саласын қамтитын (өлшеу объектісінің атауы, соның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ-не құжаттың таралу саласы – бір кәсіпорын шегінде, экономика саласы, республика шегінде) ӨОӘ тіркеуді жүргізуге өтінім, осы ӨОӘ тіркеу жүргізу қажеттілігінің негіздемесі; қолданылу саласын қамтитын (ӨОӘ-нің көшірмесі (екі данада) ӨОӘ тіркеуді жүргізуге өтінім;
• ӨОӘ көшірмесі (екі данада);
• ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;
• қолдану саласына байланысты, егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, бақылау және қадағалау органдарымен берілген осы ӨОӘ арналған келісімді (қолдануға рұқсат);
• егер ӨОӘ коммерциялық есепте қолданылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісімді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.
• бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.

ӨОӘ есептік тіркеу

ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ регламенттейтін, ТМД елдерінде әзірленген құжаттарды ҚР МӨЖ тізілімінде есептік тіркеуді жүзеге асыру үшін өтінім беруші техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттар жиынтығын жібереді:
• қолданылу саласын қамтитын (өлшеу объектісінің атауы, соның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ-не құжаттың таралу саласы – бір кәсіпорын шегінде, экономика саласы, республика шегінде) ӨОӘ есептік тіркеуді жүргізуге өтінім, осы ӨОӘ есептік тіркеу жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;
• екі данада ӨОӘ-нің есептелген көшірмесі;
• ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;
• ӨОӘ әзірлеушісінің импорттаушы – елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ-нің есептелген данасынан көшірме алуға құқық беруге келісім;
• өтінім берушінің осы ӨОӘ-сін пайдалану және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу құқығын алғанын растайтын ӨОӘ-нің әзірлеушісінен алған құжаты;
• қолдану саласына байланысты, егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, бақылау және қадағалау органдарымен берілген осы ӨОӘ арналған келісімді қолдануға рұқсат (түпнұсқасы немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесі);
• егер ӨОӘ коммерциялық есепте қолданылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісімді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.
• бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.

ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзарту

ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзарту үшін (ӨОӘ метрологиялық аттестаттаудың қолдану мерзімі өткен жоқ немесе шектелмеген, метрологиялық аттестаттау қайтадан жүргізілген) мыналар:
• тіркеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы тиісті негіздемемен ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзартуға өтінім (егер ӨОӘ-не өзгерістер енгізілмесе, яғни, метрологиялық сипаттамалары, әдістері, өлшем құралдары, және т.б. ұзақ уақыт бойына өзгеріссіз қалатын жағдайда);
• ӨОӘ-нің есептелген данасы;
• ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

ӨОӘ пайдаланушыларының қатарына енгізу

Егер ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде бір кәсіпорынның шегінде пайдалау үшін тіркелген болса, онда ӨОӘ пайдаланушылар қатарына басқа кәсіпорындарды қосу үшін уәкілетті органға немесе МҒМО-қа мыналар:
• өтінім;
• ӨОӘ-нің есептелген данасы;
• ӨОӘ-ні аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;
• ӨОӘ тұпнұсқасының ұстаушысынан оны пайдалануға рұқсат ұсынылады (түпнұсқасы немесе нотариуспен куәландырылған көшірмесі).

Тізімге оралу