8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын метрологиялық сараптау

Құжаттарды метрологиялық сараптау - өлшем бірлігі және дәлдігімен байланысты метрологиялық талаптарды, қағидалар мен нормаларды қолданудың дұрыстығын талдау және бағалау.
Жергiлiктi салыстырып тексеру сұлбасы заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiмен салыстырып тексерiлген өлшем құралдарына таралады.

ҚР СТ 2.39-2009 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Салыстырып тексеру сұлбалары. Мазмұны және құрылуы» стандартына сәйкес жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың нормативтік құжаты ретінде әзірленеді және мемлекеттік шама бірліктерінің эталондары қарамағында болып табылатын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен («ҚазМетрИн» РМК) келісіледі.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде ресімдейді. Сызбаны осы сызбаға түсініктемені қамтитын мәтіндік бөліммен толықтыруға рұқсат етіледі.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы бірлік өлшемін берудің кем дегенде екі сатысын қамтуы тиіс.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары осы шамалардың өлшем құралдарына арналған мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған жағдайда мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.

Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы мемлекеттік және мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары болмаған кезде жасалуы мүмкін.

Мемлекеттік және жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын жасау кезінде ҚР СТ 2.3-2009 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер, құру, бекіту, сақтау, қолдану және жетілдіру тәртібі» талаптары ескерілуі тиіс.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын метрологиялық сараптау шарт негізінде жүзеге асырылады («ҚазМетрИн» РМК).

Осы рәсімді жүргізу үшін «ҚазМетрИн» РМК мекенжайына өтініш беру қажет.

Тізімге оралу