8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Салыстырып тексеру әдістемесін метрологиялық сараптау және сынақтан өткізу

Құжаттарды метрологиялық сараптау - өлшем бірлігі және дәлдігімен байланысты метрологиялық талаптарды, қағидалар мен нормаларды қолданудың дұрыстығын талдау және бағалау.

Құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу нысандарды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар кешенінің бөлігі болып табылады және объектілерінің және ҚР СТ 1.33 сәйкес жүргізілетін құжаттарды техникалық сараптаудың да бөлігі бола алады.

Салыстырып тексеру әдістемесін метрологиялық сараптау және сынақтан өткізу ҚР СТ 2.63 "ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері. Әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібі" талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Салыстырып тексеру әдістемелері Қазақстан Республикасында өлшем құралдарын өндіру және айналымға шығаруға дайындау кезінде әзірленеді.

Салыстырып тексеру әдістемесі мыналармен:
  • өлшеу құралдарының әзірлеуші-кәсіпорындарымен (дайындаушылармен) және өлшеудің тиісті саласында мамандандырылған кәсіпорындармен;
  • өлшем құралдарын пайдаланушылармен немесе олардың өтінімі бойынша өлшеудің тиісті саласында мамандандырылған кәсіпорындармен әзірленеді, шартты негізде қолданыстағы салыстырып тексеру базасын негізге ала отырып, салыстырып тексеру әдістемелерін қайта қарауға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік стандарттар түрінде әзірленетін салыстырып тексеру әдістемелері ҚР СТ 1.2 сәйкес әзірленеді, бекітіледі және тіркеледі.

Пайдалану құжаттамасының құрамындағы жеке құжаттар немесе пайдалану құжаттамасының бөлімдері түрінде әзірленетін салыстырып тексеру әдістемелері салыстырып тексеру әдістемесінің әзірлеушісімен бекітіледі.

Салыстырып тексеру әдістемесін сынақтан өткізгеннен кейін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келісуге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тіркеу тізілімінде (бұдан әрі-МӨЖ тізілімі) тіркелуге жатады.

Ескертпе - Есептік тіркеусіз қолдануға 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін әзірленген салыстырып тексеру әдістемелері жіберіледі.

Салыстырып тексеру әдістемелерін метрологиялық сараптау және сынақтан өткізу өлшем құралдарының типін бекіту мақсатындағы сынақ және метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен жүзеге асырылады.

Қосымша немесе қолданыстағының орнына әзірленген салыстырып тексеру әдістемелерін метрологиялық сараптау және сынақтан өткізу мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен («ҚазМетрИн» РМК) шарттық негізде жүзеге асырылады

Осы рәсімді жүргізу үшін "ҚазМетрИн" РМК мекен-жайына өтінім беру және салыстырып тексеру әдістемесінің әзірленген жобасының 2 данасын ұсыну қажет.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберінде әзірленген салыстырып тексеру әдістемелері (ГОСТ, ПМГ, РМГ) ҚР МӨЖ тізіліміндегі есептік тіркеуден өтпей-ақ қолданысқа жіберіледі.

ТМД елдерінде әзірленген салыстырып тексеру әдістемелері ҚР МӨЖ тізіліміндегі есептік тіркеуден өткеннен кейін ғана қолданысқа жіберіледі.

Есептік тіркеу 1992 жылғы 6 қазандағы «Өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтарының және типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін, сондай-ақ өлшем құралдарына сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізетін зертханаларды аккредиттеу нәтижелерін өзара тану туралы келісімнің» қатысушы-мемлекеттерінде жүргізілетін типін бекіту мақсатындағы сынақ нәтижелерін тану процедурасын және өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестікке, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру жүргізу кезінде, ПМГ 06-2001 «Өлшем құралдарының сынақ нәтижелерін және типін бекіту, салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану тәртібіне» сәйкес, сондай-ақ республикада жүргізілетін өлшем құралдарын сынау және метрологиялық аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.

Тізімге оралу