8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Зертханааралық салғастырулар

Зертханааралық салғастырулар зертханалардағы өлшем сапасы мен елдегі өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі және қажетті аспабы болып табылады. Зертханааралық салғастыру (бұдан әрі – ЗС) – белгілі шарттарға сәйкес екі немесе одан да көп зертханалармен ұқсас немесе бірдей үлгілер бойынша сынау немесе өлшемдерді бағалау және жүргізу, ұйымдастыру.

ЗС жолымен біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысу зертханаларды сынау және салыстырып тексеру/калибрлеу нәтижелері сапасын көрсететін ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 негізгі талаптарының бірі болып табылады. ЗС сынау және салыстырып тексеру/калибрлеу зертханаларындағы құзыреттілікті арттыру және жұмыс сапасын растау үшін жүргізеді. Дәл өлшем ішкі есеп секілді сыртқы «аспаптар» секілді қамтамасыз етіледі. ЗС өлшем құралдарын салыстырып тексеру/калибрлеу және сынау нәтижелері тек зертханалардың құзыреттілігінің көрсеткіші ғана емес, жалпы метрологиялық қызметті бұдан ары дамуына әсер етеді. Бұл алға қойған мақсаттың процедураға сәйкес келетіндігін тексеруге мүмкіндік беретін нәтижелі ішкі аспап.

«Қазақстан метрология институты» РМК (бұдан әрі - «ҚазИнМетр» РМК) 2011 жылдан бастап ЗС бойынша жұмыстар жүргізеді. «ҚазМетрИн» РМК 2014 жылы ГОСТ ИСО/МЭК 17043-2013 «Сәйкестікті растау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге негізгі талаптар» стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелді.


«ҚазМетрИн» РМК – бүгінгі күні ЗС ұйымдастыру бойынша жұмысты орындау сапасының халықаралық деңгейін растайтын аккредиттеу аттестаты бар республикадағы алты ұйымның бірі.

ЗС қатысу үшін анкета үлгісін толтырып ілеспе хатпен info@kazinmetr.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 7172 282-963, 282-947.

Анкета үлгісін жүктеу кезінде Сіз ЗС бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі құпиялылық туралы келісім шартымен келісесіз.
«ҚазМетрИн» РМК провайдері ЗС жүргізу кестесі..
«ҚазМетрИн» РМК провайдері ЗС жүргізу кестесі..
Құрметті тұтынушы, көрсетілетін қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында Көрсетілетін қызмет тұтынушысының анкетасын толтыруды және mezhlab@kazinmetr.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.

Тізімге оралу