8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын жеке данада айналымға шығарылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттауды жүргізуге жол беріледі.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі оны беру кезінде белгіленеді.

2019 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 "Өлшем құралдарының типін бекіту, типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау қағидаларын, өлшем құралдарының типін бекіту және типін бекіту белгісінің нысанын белгілеу туралы сертификат нысанын бекіту туралы" бұйрығы (бұдан әрі – Ереже) күшіне енді.

Осы Ереже Заңның 6-2-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау тәртібін айқындайды.

Метрологиялық аттестаттау ҚР СТ 2.30-2017 "ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.30-2017).

Метрологиялық аттестаттауға жатады, оның ішінде:
• автоматтандырылған бақылау, басқару және басқа жүйелер (кешендер) жүйесіне кіретін өлшеу арналары);
• жеке данада дайындалатын және республикаға жеткізілетін эталондар;
• метрологиялық және техникалық сипаттамалары нормаланған немесе конструкциясына осы сипаттамаларға әсер ететін өзгерістер енгізілген шарттар мен режимдерден ерекшеленетін шарттар мен режимдерде қолданылатын сериялық шығарылымның өлшеу құралдарының жеке даналары;
• жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін сериялық шығарылымдағы өлшеу құралдарының жеке даналары.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар, пайдаланушылар (өлшем құралдарын жеткізушілер) ұсынады.

Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі

Жеке даналардағы өлшем құралдары, оның ішінде нормаланғаннан ерекшеленетін жағдайлар мен режимдерде қолданылатын, не конструкциясына метрологиялық сипаттамаларға әсер ететін өзгерістер енгізілген немесе олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін сериялық шығарылымның жеке даналарында ҚР СТ 2.30 сәйкес жүзеге асырылады.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
• өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтінім;
• бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестаттауды жүргізуге өтінім (қажет болған жағдайда);
• толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, конструкциясы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары;
• өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;
• өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің тізілімінде тіркелген жоқ болған жағдайда).
Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеу арналары үшін қосымша:
• жүйеге техникалық құжаттар (кешен);
• метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеу арналарының тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеу арнасының құрамдас элементтері болып табылатын өлшеу құралдарын тексеруді растайтын құжаттар.

Жүргізілген метрологиялық аттестаттау қорытындысы бойынша өтініш берушіге эксперименталды зерттеулер хаттамасы және эксперименталды зерттеулер нәтижелері туралы хат жіберіледі.

Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде өндірушінің толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары бар пайдалану құжаттары, конструкциясы, қолданылу қағидаты, пайдалану тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріне тең түпнұсқалы аудармасымен ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеру қондырғылары үшін жұмыс эталондарын, олардың құрамына кіретін өлшеу құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар қосымша ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін өлшем құралдарын әзірлеуші немесе оны пайдаланушы (жеткізуші) әзірлейді және МҒМО бекітеді.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне құжатты МҒМО-да шарт негізінде әзірлеуге, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне құжат жобасының орнына шет елдердің салыстырып тексеру жөніндегі қолданыстағы құжаттарды ұсынуға рұқсат етіледі".

Ақпараттық-өлшеу жүйелерін метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.82 "Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестаттауды өткізу тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.

Метрологиялық аттестаттауды өткізу шарты бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімі төлем күнінен бастап 2 (екі) айды құрайды.

Тізімге оралу