8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Өлшем құралдарын калибрлеу

Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндірістен немесе жөндеуден шыққан кезде, импортпен әкелінген уақытында, осы өлшем құралдарының дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын тәртіпте пайдаланған кезде калибрленеді. Өлшем құралдарын калибрлеуді мемлекеттік шама бірліктерінің эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді. «ҚазМетрИн» РМК калибрлеу зертханасы ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес өлшем құралдарына калибрлеу жүргізуге ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.

«ҚазМетрИн» РМК «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен бекітілген аккредиттеу аясының шегінде жұмысты жүзеге асырады. Аккредиттеу аясын жүктеу. «Аккредиттеу субъектінің атауы» жолында «ҚазМетрИн» деп жазу қажет және ҚР ИДМ ТРМК «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» ШЖҚ РМК КЗ (КЗ) құжатын таңдайды.

Калибрлеуді орындау мерзімі төлем түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Калибрлеуді жүргізуге өтінімдерді және калибрлеуге баға ұсыныстарының сұрауларын «ҚазМетрИн» РМК қабылдау бюросы қабылдайды және өңдейді.

Анықтама алу үшін байланыс деректері: bp@kazinmetr.kz +/7172/282-934, 282-991

Тізімге оралу