8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Курстар және семинарлар

«ҚазМетрИн» РМК метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында метрология саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

ҚР СТ 1.45-2013 «ҚР МӨЖ Техникалық реттеу саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарға жалпы талаптар» және Ережеге сәйкес жыл сайын Институт оқытудың типтік бағдарламаларын келіседі және тіркеуден өтеді, сондай-ақ Институттың оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінен электрондық тестілеуден өтеді.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес, азаматттардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар мемлекеттік метрологиялық бақылау саласына жатады. 16-бапқа сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылау саласындағы жұмыстарды орындау кезіндегі метрологиялық қызмет құру мен ұйымдастырушылық іс-шараларын жүргізу міндетті болып табылады.

Осыған байланысты кәсіпорындарыңыздағы метрология бойынша жауапты тұлғаларды біздің курстан өтуге шақырамыз.

Оқуды ҚР Еңбегі сіңген метролог, шама бірліктерін сақтаушы ғалым, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, жоғары тәжірибелік өтілі бар аттестатталған салыстырып тексерушілер деңгейіндегі, метрология саласындағы даярлау және қайта даярлаудан өткен білікті мамандар жүргізеді.

Өтінім үлгісі мен типтік келісім шарт жүктеу.

Тізімге оралу