8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақтар

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 бабының 1 тармағы бойынша, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.
Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.

2019 жылғы 11 сәуірден бастап «Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығы қолданысқа енгізілді.
Бұл Қағидалар Заңның 6-2-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау тәртібін айқындайды.

Қағидаларға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, партияның типін бекіту және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО), оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.

Типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақтар келісім шарт негізінде жүргізіледі.

Сериялы өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау өндірілетін өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне жауапты өндірушінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдарын айналымға шығару кезінде іс-қимылды осы өндірушінің атынан өндірушімен шарт негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті өндірушісінің өтінімі бойынша жүргізіледі.

Егер өтінім беруші заңды немесе жеке тұлға өлшем құралын өндіруші немесе оның ресми өкілі болып табылмаса, онда өлшем құралдары партиясының типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізіледі және сынақтың оң нәтижелері кезінде зауыттық нөмірі немесе зауыттық нөмірінің ауқымы көрсетіле отырып, өлшем құралдары партиясының типін бекіту туралы сертификат беріледі.

Сериялық өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі уәкілетті органның шешімімен анықталады, бірақ 5 жылдан артық емес.
Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі – мерзімсіз.

Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.21 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21) сәйкес жүзеге асырылады.

Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі

Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтар жүргізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;
2) ҚР СТ 2.21 және МСҰ 67 "Өлшем құралдарының ұлттық тізілімі үшін өлшем құралдарының типін сипаттау. Құру, баяндау, ресімдеу және мазмұны" сәйкес нысан бойынша тип сипаттамасының жобасын;
3) типтің сипаттамасын ашық баспада жариялауға рұқсат ету туралы өтініш берушінің хатын;
4) Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесінде өлшем құралдарының салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтерді;
5) ұсынылатын мерзімді салыстырып тексерудің негізділігін растайтын құжаттарды;
6) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда) ұсынады.

Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аударманың тең түпнұсқалығымен ұсынылады.

Жүргізілген сынақтардың қорытындылары бойынша МҒМО өтініш берушіге оң сынақ нәтижелері туралы актісін және өлшем құралдары типінің сипаттамасын жібереді.

Бағдарламалық қамтамасыз етуі бар өлшем құралдары үшін типін бекіту кезінде ҚР СТ 2.46-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер» белгіленген тәртіпте өлшем құралдарын бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестаттау жүргізеді.

Өлшеу жүйелерінің типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.81 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Ақпаратты өлшеу жүйелері. Түрін бекіту мақсатындағы сынақтардың типтік бағдарламасы» сәйкес жүзеге асырылады.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақтар жүргізу тәртібі

Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынақ типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайларда:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде жүзеге асырылған тексерулердің теріс нәтижелерінде;
2) бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациясында.

Бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарына сынақ жүргізу үшін өтініш беруші өтінішпен қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) типті бекіту туралы сертификат көшірмесі;
2) типті бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі және бекітілген типке сәйкестікке өлшем құралдарын соңғы сынау актілері, егер олар жүргізілген болса;
3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын.

Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестікке сынауды типін бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақ жүргізу кезінде МҒМО-мен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізеді. Қажеттілігіне қарай бағдарламаға МҒМО-мен бекітілетін өзгертулер мен толықтырулар әзірлене алады.

Типті бекіту мақсатында өлшем құралдарына сынақтар ҚР СТ 2.6 «ҚР МӨЖ. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатындағы сынақ бағдарламалары. Негізгі талаптар» талаптарына сәйкес жасалған, МҒМО бекітілген және өтініш берушімен келісілген сынау бағдарламасы бойынша немесе белгіленген тәртіп бойынша бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болатын типтік бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешім бекітілген типке сәйкестігіне және типін бекіту мақсатында өлшем құралдары сынақтарының оң нәтижелері негізінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі-уәкілетті орган) қабылданады және ҚР СТ 2.21-2017 А қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырады.

«ҚазМетрИн» РМК өтініш берген мекемемен типті бекіту мақсатында эксперименталдық зертеулер жүргізу үшін келісім шартқа отырады.

Эксперименталдық зерттеулер жүргізу жөніндегі келісім шарт бойынша жұмыс жүргізу мерзімі төленген күннен бастап 3 (үш) ай болып табылады.

Тізімге оралу