8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

«Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының № 88-V заңы күшіне енді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысына сәйкес тізілім «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен толықтырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 945 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады.

Бұл қызмет екі кезеңде ұсынылады:
- Метрологиялықсараптама жүргізу;
- Мемлекеттікғылыми-метрологиялық орталықтан сараптама жүргізу барысында оң нәтижелер алынғаны туралы сараптамалық қорытынды негізінде Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту.

Бірінші кезеңді өтінім мен келісім негізінде Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық жүзеге асырады.

Жұмыстың жүргізілу тәртібі МЕМСТ 8.315-97«МӨЖ. Заттардың (материалдардың) құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Негізгі ережелер» бойыншареттеледі.

Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша өтініш берушіге келесі құжаттар беріледі: Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан сараптама жүргізу барысында оң нәтижелер алынғаны туралы сараптамалық қорытынды.

Екінші кезең – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификатты алу тәтібі «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты мен регламентімен реттеледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметке өтініш қабылдау:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Портал).

Қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкіл: заңды тұлғаның құжат бойынша өкілеттігін растайтын құжат; жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша):
- порталға:
- бекітуге өтініш мемлекеттік стандартты үлгі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
- Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан сараптама жүргізу барысында оң нәтижелер алынғаны туралы сараптамалық қорытынды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
- бекітуге өтініш мемлекеттік стандартты үлгі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
- Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан сараптама жүргізу барысында оң нәтижелер алынғаны туралы сараптамалық қорытынды;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 28-29-68.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Тізімге оралу