8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізіліміне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының № 88-V заңы күшіне енді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес тізілім «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметімен толықтырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 945 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады.

Бұл қызмет екі кезеңде ұсынылады:
1. Метрологиялықсараптама жүргізу;
2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге рұқсат беру туралы Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық мәлімделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізіліміндеөлшемдерді орындау әдістемесін тіркелуге мүмкіндік беретін хатының негізінде тіркеу.

Бірінші кезеңді өтінім мен келісім негізінде Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық жүзеге асырады.
Жұмыстың жүргізілу тәртібі ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР МӨЖ. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі» бойыншареттеледі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді жүзеге асыру үшін өтініш берушіМемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталыққа келесі құжаттаржинағы береді:
• қолданылу саласын қамтитын (өлшеу объектісінің атауы, соның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ-не құжаттың таралу саласы – бір кәсіпорын шегінде, экономика саласы, республика шегінде) ӨОӘ есептік тіркеуді жүргізуге өтінім, осы ӨОӘ есептік тіркеу жүргізу қажеттілігінің негіздемесі;
• ӨОӘ-нің есепке алынған көшірмесі(екі данада);
• ӨОӘ аттестаттаутуралыкуәліктіңкөшірмесі;
• ӨОӘ әзірлеушісінің импорттаушы – елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ-нің есептелген данасынан көшірме алуға құқық беруге келісім;
• өтінім берушінің осы ӨОӘ-сін пайдалану және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу құқығыналғанын растайтын ӨОӘ-нің әзірлеушісінен алған құжаты;
• қолдану саласына байланысты, егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, бақылау және қадағалау органдарымен берілген осы ӨОӘ арналған келісімді (қолдануға рұқсат);
• егер ӨОӘ коммерциялық есепте қолданылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісімді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.
ӨОӘ-ді пайдалануға рұқсат беру туралы ұсынылған материалдардың метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық мәлімделген ӨОӘ ҚР МӨЖ-нің тізілімінде тіркелуге мүмкіндік беретін хат жібереді.

Екінші кезең – мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты мен регламентімен реттеледі.

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) ұсынады.

Мемлекеттік қызметке өтініш қабылдау:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Портал).

Қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкіл: заңды тұлғаның құжат бойынша өкілеттігін растайтын құжат; жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша):

1) порталға:
- бекітуге өтініш мемлекеттік стандартты үлгі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
- Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық мәлімделген ӨОӘ ҚР МӨЖ-нің тізілімінде тіркелуге мүмкіндік беретін хат.
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
- бекітуге өтініш мемлекеттік стандартты үлгі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
- Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық мәлімделген ӨОӘ ҚР МӨЖ-нің тізілімінде тіркелуге мүмкіндік беретін хат;
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 28-29-68.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Тізімге оралу