8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Стандартты үлгілерді пайдалануға рұқсат алу

«Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен 2019 жылдын 11 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.

Стандартты үлгінің типін бекіту туралы шешімді Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізетін метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде уәкілетті орган қабылдайды және ҚР СТ 2.79-2014 «Шет елдерде шығарылатын материалдардың мен заттардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін. Пайдалануға рұқсат алу тәртібі. Негізгі ережелері» белгіленген нысан бойынша СҮ пайдалануға рұқсат туралы сертификатпен куәландырылады.

Пайдалануға рұқсат алу тәртібі

Метрологиялық сараптамаға ұсынылатын техникалық құжаттамалар:
1. ТМД елдерінде шығарылатын СҮ үшін мыналарды қамтитын құжаттар жиынтығы ұсынылады:
- СҮ өндіруші – ұйым туралы ақпарат (ел, фирма атауы, фирма туралы ақпарат, мекенжайы, телефон, факс нөмірі, электрондық поштасы);
- СҮ жеткізуші - ұйым туралы ақпарат (ел, фирма атауы, фирма туралы ақпарат, мекен-жайы, телефон, факс нөмірі, электрондық поштасы);
- жеткізілетін СҮ-ге қоса берілетін өндірушінің құжаттар жиынтығы: типтің сипаттамасымен бірге типті бекіту туралы талдау сертификаты (немесе куәлігі) көшірмесі, СҮ қолдану нұсқаулығы (болған жағдайда) немесе басқа құжаттарда жазылған (басқа құжат бөлімінде) СҮ-ні қолдану бойынша ақпарат - 1 данадан;
- CҮ материалының тұрақтылығы туралы ақпарат (СҮ данасының жарамдылық мерзімі туралы);
- СҮ пайдалану болжанатын өлшеу, сынау әдістерінің, өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге арналған нормативтік құжаттардың тізімі;
- СҮ жеткізілу кезеңділігі туралы ақпарат;
- СҮ данасы немесе оныңфотосуреті - 1 дана.

Ескертпелер:
СҮҰ және КСҮ категориялары үшін тип сипаттамасы және төлқұжат орнына СҮ қолдану мен идентификациялау үшін қажетті толық мәліметтерді қамтитын 1 құжат, типті бекіту туралы сертификат (куәлік) орнына – өндіруші-елде қабылдаған және СҮ-нің метрологиялық сипаттамаларын, СҮ-нің жарамдылық мерзімі (типті бекіту жарамдылығы) туралы деректерді қамтитын құжат ұсыныла алады.
Шетелдерде шығарылған СҮ-ні жеткізу кезінде құжататауының «төлқұжат» орнына өтініш берушіде қабылданған атауды қолдануға рұқсат беріледі.

2. Алыс шетелдерде шығарылған СҮ үшін келесі құжаттар жиынтығы ұсынылады:
- СҮ өндіруші – ұйым туралы ақпарат (мемлекет, фирма атауы; фирма туралы ақпарат, фирманың СҮ шығаруға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі; мекен-жайы, телефон, факс нөмірі, электрондық поштасы);
- СҮ-ны жеткізуші-ұйым туралы ақпарат (мемлекет, фирма атауы; фирма жайлы ақпарат, мекен-жайы, телефон, факс нөмірі, электрондық поштасы);
- жеткізілетін СҮ-геқоса берілетін өндірушінің құжаттар жиынтығы: талдау сертификатының көшірмесі (немесе СҮ- нің метрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтитын, өндіруші-елде белгіленген тәртіпте рәсімделген ұқсас құжат), СҮ қолдану нұсқаулығы (болған жағдайда) немесе басқа құжаттарда жазылған (басқа құжат бөлімінде) СҮ-ні қолдану бойынша ақпарат - 1 данадан;
- СҮ мәліметтерінің тұрақтылығы туралы ақпарат;
- СҮ қолдану болжанатын, өлшеу әдістері, сынау және салыстырып тексеруге қажетті нормативтік құжаттар тізімі;
- СҮ жеткізу кезеңділігі туралы ақпарат;
- СҮ данасы немесе оның фото суреті – 1 дана.

Оң (теріс) шешім қабылданған жағдайда сараптамалық қорытынды жасалып, өтініш берушіге жіберіледі.

Тізімге оралу