8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау

«Өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға.

Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі - салыстырып тексерушілер) аттестаттау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығымен бекітілген «Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптары қағидаларында» белгіленген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18086 болып тіркелді, бұдан әрі-Қағида).

Салыстырып тексерушілерді аттестаттауды 1996 жылғы 1 қарашадағы ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Қазақстан метрология институты » РМК («ҚазМетрИн» РМК) болып табылатын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО) жүзеге асырады. Материалдарды қарастыру мен салыстырып тексерушілерді аттестаттау бойынша шешімді МҒМО-мен құрылған біліктілік комиссиясы қабылдайды.

Аттестатталған маманға ҚР СТ 2.42-2002 «ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу» сәйкес бекітілген өлшем түрлеріне байланысты «өлшем құралын салыстырып тексеруші» біліктілігі беріледі.

Салыстырып тексеруші үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
1) жоғарғы, жоғары техникалық немесе орта техникалық білімінің болуы;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі:
жоғары техникалық білімі бар кандидатқа өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
жоғары білімі немесе орта техникалық білімі бар кандидат үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) кадрлардың біліктілігін арттыру немесе оларды қайта даярлау туралы куәліктің болуы;
4) таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін, егер салыстырып тексерушіге кандидат бірнеше өлшем түрлеріне өтініш берген жағдайда – әрбір өтініш берілген өлшем түрлері бойынша өлшем құралдарының кем дегенде үш типін салыстырып тексеруді өткізіп, тағылымдама жүргізілетін өлшем түрлері бойынша салыстырып тексеруші біліктілігін иелену туралы сертификаты бар салыстырып тексерушіде, өтініш берілген өлшем түрлері бойынша ұзақтығы 5 жұмыс күнінен кем емес тағылымдамадан өтуі.

Салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін «ҚазМетрИн» РМК-ге тігілген және нөмірленген түрде келесі құжаттар жинағы ұсынылады:
1) өлшем түрі көрсетілген, салыстырып тексеруші ретінде аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (қайта аттестаттаудан өту жағдайында қажет емес);
4) біліктілік курсынан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама (Сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттауға құжаттарды ұсынғанда өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өту талап етілмейді; бұдан әрі – анықтама). Құжаттар жиынтығын бергенге дейін бір жыл бұрын берілген анықтаманы біліктілік комиссиясы ескермейді;
7) қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).

Аттестаттауды және қайта аттестаттауды жүргізетін ұйым құжаттар жинағын қабылдау кезінде құжаттар көшірмелері дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады және құжат түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған құжаттар көшірмесін ұсынады.

Салыстырып тексерушілер біліктілігін беру туралы шешім құжаттар түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде МҒМО-мен қабылданады.

Біліктілік комиссиясының оң шешімі кезінде өлшем түрлері бойынша салыстырып тексеруші ретінде бес жылдық мерзіммен аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы сертификат рәсімделеді.

Біліктілік комиссиясы салыстырып тексеруші ретінде үміткерді аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде үміткерге жазбаша түрде дәлелденген бас тарту жіберіледі.

Бас тартудың негізі мыналар:
үміткердің уәкілетті органмен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
ұсынылған құжаттар жинағының Қағиданың белгіленген тізіміне сәйкес келмеуі.

Біліктілікті иеленуге кабыл алынбаған кандидат сәйкес келмеушіліктерді жөндегеннен кейін құжаттарды аттестаттауға қайта жібереді.

Сертификат жоғалған жағдайда салыстырып тексеруші:
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімінің көрсетілуімен жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялайды;
МҒМО-ға салыстырып тексеруші сертификатын жарамсыз деп тану туралы және сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтердің жариялануын растайтын құжат қоса берілуімен, сертификаттың түпнұсқасын беру туралы қажет өтініш береді.

Сертификат бұзылған жағдайда салыстырып тексеруші сертификат беретін МҒМО-ға сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, сертификаттың бұзылған түпнұсқасы қоса берілген сертификаттың түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.

Сертификаттың түпнұсқасы оң жағындағы жоғарғы шетінде «Түпнұсқа» сөзі көрсетіліп, бұрын берілген сертификат түпнұсқасының нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі сақталып рәсімделеді.

Сертификаттың түпнұсқасы өтініш берген күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде беріледі.

Тізімге оралу