8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Қызметтер

Сынау жабдықтарын аттестаттау

«ҚазМетрИн» РМК «Сынау жабдықтарын аттестаттау тәртібі» ҚР СТ 2.75-2009 сәйкес сынау жабдықтарын аттестаттау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Осы стандарт нормаланған метрологиялық сипаттамалар әсерін қалыптастыру үшін медицинада, құрылыста, өндірісте және экономиканың басқа салаларында қолданылатын тесттік, диагностикалық, терапевтік жабдықтарға таратылады.

Аттестацияға нормаланған сыртқы ықпал ететін факторларды және (немесе) жүктемелерді жаңғыртатын сынау жабдығы жатады.

Сынау жабдықтарын аттестаттау сынау жабдықтарын оның тағайындалуына сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау және мүмкін ауытқулар шегінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін растау мақсатында жүргізіледі.

Аттестаттауға республикадағы тәжірибелік үлгілер, сириямен шығарылған және модернизацияланған жабдықтар, жеке данамен дайындалған жабдықтар, сондай-ақ республика аумағына әкелу үшін және пайдаланылып жүрген жабдықтар жатады.

Сынау жабдығын аттестаттауға мемлекеттік басқару органдар, жеке және тұлғалар ұсынады.

Сынау жабдығы алғашқы, мерзімдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады.

Сынау жабдықтарын аттестаттауды сынау жабдықтарын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғалардың метрологиялық қызметі жүзеге асырады.

Сынау жабдықтарының аттестациясы нормативтік құжаттардың сараптамасында, пайдалану және жобалық құжаттар, монтаж және сынау жабдығын орналастыру, техникалық сипаттаманың эксперименталды зерттеулері және сынау жабдықты пайдаланудың жарамдылығын растау негізінде қорытындыланады.

Сынау жабдықтарының құрамына кіретін өлшем құралдарын сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу қолданыстағы нормативтік құжаттарға, өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сынау жабдығы оның бірқалыпты жұмысы мен аттестация өткізу үшін қажетті техникалық құжаттарымен және көмекші техникалық құралдарымен аттестаттауға ұсынылады.

Ұсынылған техникалық құжаттар құрамына мыналар кіруі тиіс:
  • техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;
  • эксплуатациялық құжаттар;
  • жобалық құжаттар (болған жағдайда);
  • cынау жабдықтарын аттестаттау бағдарламасы.
Республика аумағына сырттан әкелінген сынау жабдығы аттестацияға мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аударылған құжаттарымен ұсынылады.

Сынау жабдықтарына аттестаттау жүргізу нәтижесі бойынша хаттама толтырылады.

Сынау жабдықтарын аттестаттаудың оң нәтижелері кезінде сынау жабдықтарын алғашқы аттестаттаудың нәтижесі бойынша белгіленген мерзімге сертификат рәсімделеді, сондай-ақ егер қарастырылған болса, эксплуатациялық құжатта аттестаттау нәтижесін түсіру жүзеге асырылады.

Сынау жабдықтарын аттестаттаудың теріс нәтижелері кезінде пайдалануға жіберілмейді, сынау жабдықтарын аттестаттау хаттамасында негіздемеге сәйкес жазылады.

Сынау жабдықтарын аттестаттау шарт негізінде жүргізіледі.

Тізімге оралу