8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына

03.06.2020 «Қазақстан метрология институты» РМК Ақтөбе филиалы Сіздерді келесі тақырыптар бойынша қашықтықтан өтетін семинарларға қатысуға шақырады: 1) «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне өлшем құралдарын енгізу. Өткізу тәртібі. Өлшем тізбелерінің негізгі талаптары» - 17 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша); 2) «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы мен нормативтік құжаттарындағы Жаңа енгізулер» – 18 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша); 3) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер» - бір күндік -19 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша); 4) «МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу (салыстырып тексеру) зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар». ISO 19011-2013 МЕМСТ - қа сәйкес ішкі аудит» - 22-24 маусым аралығында (үш күндік, топ қалыптасуы бойынша). 5) «Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі» - 25 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша); 6) «Медицинаны және денсаулық сақтауды метрологиялық қамтамасыз ету» - 29 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша); 7) «Стандарттау және метрология бойынша ЖОО мен ОАОО оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру» - 30 Маусым (бір күндік, топ қалыптасуы бойынша). Бір тыңдаушы үшін бір күндік семинардың құны, 12% ҚҚС қоса алғанда - 16 785,00 (он алты мың жеті жүз сексен бес) теңге 00 тиын. Қашықтықтан оқыту түріндегі үш күндік, апталық және екі апталық семинар / курстар енді 20% жеңілдікпен өткізілетінін хабарлауға қуаныштымыз. Бір тыңдаушыға арналған үш күндік семинардың бағасы 12% ҚҚС қоса есептегенде 19 785,00 (он тоғыз мың жеті жүз сексен бес мың) теңге 00 тиын. Бір тыңдаушы үшін бір апталық оқу бағасы 12% ҚҚС қоса алғанда – 29 760, 00 (жиырма тоғыз мың жеті жүз алпыс) теңге 00 тиын. Бір тыңдаушы үшін екі апталық оқу бағасы 12% ҚҚС қоса есептегенде – 38 400,00 (отыз сегіз мың төрт жүз) теңге 00 тиын. Семинарды өткізу Jitsi Meet қауіпсіз қарым-қатынас бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Оқыту үшін семинарға қатысушылардан жоғары жылдамдықты интернет, компьютер немесе веб камерасы бар ноутбук, микрофон қажет. Жоғарыда көрсетілген семинарлар сіздің өтінімдеріңіздің түсуіне қарай, саны бес адам және одан да көп топта қалыптасатынын хабарлаймыз. Оқу аяқталған соң және тестілеуді сәтті тапсырған соң тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар (бір күндік, үш күндік семинар) беріледі. «ҚазМетрИн» РМК АФ директоры М. Бекетұлы атына тыңдаушылардың саны, банктік деректемелері және заңды мекенжайы көрсетілген өтінімді 2020 жылдың 8 маусымынан кешіктірмей мына электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: af@kazinmetr.kz. Анықтама телефондары: 8 (7132) 56-83-64, 54-98-67.

Тізімге оралу