8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

21.04.2020 ҚР-ның барлық аумағы бойынша төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты "Қазақстан метрология институты" РМК метрология саласында келесі тақырыптар бойынша қашықтықтан біліктілікті арттыру курстарын және семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
1) «Калибрлеу кезінде өлшеудің белгісіздігін бағалау» - а. ж. 4-6 мамыр аралығында (3 күндік семинар);
2) «Салыстырып тексеру/калибрлеу және сынау зертханалары үшін өлшеулердің белгісіздігін бағалау» - а. ж. 18-22 мамыр аралығында (апталық курс);
3) «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» - а. ж. 11-15 мамыр аралығында (апталық курс);
4) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» - а. ж. 11-15 мамыр аралығында (апталық курс);
5) «Денсаулық сақтау мен медицинаны метрологиялық қамтамасыз ету» - ағымдағы жылдың 11-15 мамыр аралығында (апталық курс);
6) «Стандарттау және метрология бойынша жоғары оқу орындары мен ОАОО оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру» - а. ж. 11-15 мамыр аралығында (апталық курс);
7) «Қысымды, физикалық жылу және температуралық өлшеулерді салыстырып тексеру және калибрлеу» - а. ж. 11-15 мамыр аралығында (апталық курс);
8) «Салмақ өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу» - а. ж. 11-15 мамыр аралығында (апталық курс).

Курстар мен семинарларды өткізу Sabak.kz бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Оқыту үшін семинарға қатысушылардан жоғары жылдамдықты интернет, компьютер, веб камерасы бар ноутбук, микрофон немесе телефон қажет.

Салыстырып тексеру бойынша курстарды өткізу практикалық сабақтарды қамтиды.

Топтар өтінімдердің түсуіне қарай қалыптастырылады. Он және одан да көп адамнан тұратын топты қабылдаған кезде өтінім бойынша жоспардан тыс курстар өткізілуі мүмкін.

Бір тыңдаушыға арналған үш күндік семинардың құны 12% ҚҚС қоса алғанда - 24 735,00 (жиырма төрт мың жеті жүз отыз бес) теңге 00 тиын.

Бір тыңдаушы үшін бір апталық оқу құны, ҚҚС 12 %, 37 200,00 (отыз жеті мың екі жүз) теңге 00 тиын.

Оқуды аяқтағаннан және тестілеуді сәтті тапсырғаннан кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар мен куәліктер беріледі.

Курстар мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Нұрсұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 11, Сол жағалау, "Эталон орталығы" ғимараты.

Тыңдаушылардың саны, кәсіпорынның банктік және заңды деректемелері көрсетілген өтінімді қысқа мерзімде электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз. zhumatayeva@kazinmetr.kz ескерту.

Сұрақтар бойынша анықтама алу үшін мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8(7172) 28-29-31, моб: 8 777 340 40 81.

Тізімге оралу