8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

02.03.2020 «Қазақстан метрология институты» РМК 2020 жылғы 16 және 20 наурыз аралығында метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында «Сынау, салыстырып тексеру/калибрлеу зертханаларына арналған өлшем белгісіздігін бағалау» тақырыбында оқыту курсын өткізетінін хабарлайды.

Курс бағдарламасында теориялық негіздер және өлшем біртексіздігінің бағалануының тәжірибелік қолдану мен өлшем белгісіздігі тұжырымдамасын дамыту тарихындағы сұрақтары, өлшем белгісіздігін пайдалану нормативтік және заңнамалық базасын талдау, өнімді сынау нәтижелері және өлшем бірлігін калибрлеу барысында өлшем біртексіздігінің есебімен тыңдаушылар тәжірибесінен нақты мысалдарды талдау қарастырылған.

Оқуды белгісіздікті бағалауды қолдану бойынша оқыту саласында көп жылдық еңбегі бар, республикадағы жетекші маман Донбаева Вера Алексеевна жүргізеді.

Біздің курсымызда «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК АҚ, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «Национальный Банк РК» МК, «ТНК Казхром» АҚ, «Маэк Казатомпром» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС, «Корпоративный университет «Самрук Казына» МК, «Агростандарт XX век» ЖШС, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК, «Қазақтелеком» АҚ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау» АҚ, «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ, «Тенгизшевройл» ЖШС және т.б ұйымдардың мамандары тәжірибеде белгісіздікті есептеуді үйреніп оқу курсынан өтті.

Оқу аяқталғаннан және тестілеуден өткеннен кейін тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.

Бір маманның оқуына баға ҚҚН қоса алғанда, 37 200 (отыз жеті мың екі жүз) теңгені құрайды.

Мүдделі болған жағдайда тыңдаушының АЖӘ, лауазымының, жұмыс органының, ұйымның заңды және банктік реквизиттерінің, келісім-шартқа тұру қажеттілігі туралы мәліметтердің көрсетілуімен өтінішті: zhumatayeva@kazinmetr.kz жолдауларыңызды сұраймыз.

Өтінім үлгісі www.kazinmetr.kz («Курстар мен семинарлар» бөлімі) сайтында.

Курс мына мекен-жай бойынша өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы (Орынбор көшесі) 11, сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты.

Мәліметтерді 8 (7172) 28 29 31 телефоны бойынша сұрауларыңызға болады.

Тізімге оралу