8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

Азия-Тынық мұхиттық метрологиялық бағдарламаның (АРМР) Бас Ассамблеясының 34-отырыс

Азия-Тынық мұхиттық метрологиялық бағдарламаның (АРМР) Бас Ассамблеясының 34-отырыс

23.11.2018 2018 жылдың 28-30 қарашасы аралығында Сингапур Республикасында Азия-Тынық мұхиттық метрологиялық бағдарламаның (АРМР) Бас Ассамблеясының 34-отырысы және оған байланысты шаралар өтеді.

АРМР Бас Ассамблеясының отырысына Қазақстан Республикасы атынан 2008 жылдан бастап АРМР қауымдасқан мүшесі болып табылатын «Қазақстан метрология институты» РМК өкілдік етеді.

Іс-шарада метрологияның болашағы және өнеркәсіп мәселелері талқыланады. Күн тәртібіндегі талқыланатын басты мәселелердің бірі өлшеу ғылымының эволюциясы - артефакттерден іргелі физикалық константаларға, SI бірлігін қайта анықтау, медициналық зертханалардағы өлшеулердің дәлдігі мен салыстырмалылығын арттыру, бүгінгі күні Қазақстан үшін де, барлық метрологиялық қауымдастық үшін де маңызды болып табылатын өндірісті цифрландыруға арналған өлшеулер болып табылады.

APMP – Халықаралық өлшем бірлігі жүйесіне (SI) қатысты сәйкестікті растау және метрологиялық бақылау, елдерінің өлшеу және калибрлеу мүмкіндіктеріне сенімді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын өңірлік метрологиялық ұйым болып табылады.

Бас Ассамблеясының отырысына АРМР-дың 28 толық құқылы және 11 қауымдасқан мүшесінің қатысуы жоспарлануда.

Тізімге оралу