8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдар басшыларының кеңесі отырысы (МАК 52-отырысы)

Стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдар басшыларының кеңесі отырысы (МАК 52-отырысы)

30.11.2017 2017 жылдың 30 қарашасы Тәжікістан, Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (бұдан әрі – МАК) 52-отырысы болып өтті.

Осы отырысқа Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырқызстан, Украина, Тәжікістан, Беларусь және Өзбекістанның өкілдері қатысты.

МАК-тың 52-отырысы шеңберінде метрология бойынша мәселелер қаралды. Осы отырыстың негізгі мәселесі ПМГ 06-20ХХ «Өлшем құралдарының типін бекіту сынақтарының, алғашқы салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану» жобасы болды. ПМГ 06 жобасы құжаттама жиынтықтылығы мен жұмыстарды орындау мерзімдері бөлігінде өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасымен толықтырылды.

ПМГ 06 жобасына қазақстан тарапынан ескертпелер мен ұсыныстар жіберілді.

ПМГ 06 жобасын талқылау қорытындысы бойынша отырыста Қазақстан Республикасының тұжырымдамасын ескере отырып, осы жобаны пысықтау туралы шешім қабылданды.

  

Тізімге оралу