8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

Азия-Тынықмұхиттық Бас ассамбелеясының (АРМР) метрологиялық бағдарламасының 33 мәжілісі

Азия-Тынықмұхиттық Бас ассамбелеясының (АРМР) метрологиялық бағдарламасының 33 мәжілісі

29.11.2017 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Нью-Делиде (Үндістан) Азия-Тынықмұхиттық Бас ассамблеясы (АРМР) метрологиялық бағдарламасының мәжілісі өтіп жатыр.

Бас ассамблеяның бірінші және екінші күндері (27 мен 28 қараша) өлшеудің он үш түрі бойынша Техникалық комитеттің мәжілістері өтті.

Қазақстан метрология институты 2009 жылдан бастап АРМР Техникалық комитеттерінің ұзындық, масса, оптика, уақыт және жиілік өлшеулері бойынша, сондай-ақ электрлік өлшеу және физика-техникалық өлшеулер бойынша жұмысына қатысады, оған қоса осы техникалық комитеттермен ұйымдастырылатын мәжілістерге, семинарларға және халықаралық салғастыруларға қатысады.

Қазіргі уақытта APMP құрылуының 40 жылдығына арналған «Үндістанның сапа инфрақұрылым бойынша стратегиясы» Симпозиумы өтіп жатыр.

Осы Симпозиумда 35 елден 100-ден аса қатысушылары қатысады. Құрметті қонақтар ретінде Симпозиумға Үндістаннның ғылым мен технология Министрі, Халықаралық өлшем және салмақ бюросының (BIPM) директоры, сондай-ақ APMP Төрағасы шақырылды.

Симпозиум барысында доктор М.Милтон Сапаның жаһандық сапа инфрақұрылымы даму бөлігінде BIPM қызметінің бағыттары және жеті негізгі ӨҚ жеті негізгі бірліктерінің төртеуін: масса, ток күші, заттың мөлшері және термодинамикалық температураны қайтадан анықтау бойынша жұмыстар туралы айтты.

Бас Ассамблея мәжілісі 30 қараша мен 1 желтоқсанда жалғасады.

   

Тізімге оралу