8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

2017-2019 жылдарға орталық Азия елдерінде сапа инфрақұрылымын бекіту

22.11.2017 «2017-2019 жылдарға орталық Азия елдерінде сапа инфрақұрылымын бекіту» жобасын іске асыру барысында 20-21 қараша аралығында, Эталон орталығына, Германия Федералды физико-техникалық институтының (PTB) өкілдері сапармен келіп кетті.

Сапар барысында Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн) мен Ұлттық аккредиттеу орталығының (ҰАО) қызметкерлерімен кездесулер өтті.

PTB өкілдерімен кездесуде калибрлеудің өнеркәсіптік өндірістегі рөлін арттыру және оны халықаралық тәжірибеге сәйкес қолдану мақсатында Қазақстан Республикасында калибрлеуді дамытуға бағытталған Қазақстан атынан ұсынылған жобалық ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстандағы сандық метрологияны дамыту бойынша мәселелер талқыланды. PTB сарапшыларымен республика кәсіпорындарында өлшеулер кезіндегі мәселелерді шешу үшін жобалық ұсыныстарды PTB жолдау ұсынылды. PTB өкілдері осы жобалық ұсыныстарға сүйене отырып қажетті іс-шараларды жүргізу арқылы тиісті қолдау көрсете алады.

Жоба шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру барысында PTB өкілдерімен өлшем түрлері бойынша (қысым, температура) семинарлар жүргізу үшін PTВ сарапшыларын тарту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Ркспубликасының заңнамасының өзгеруіне және калибрлеуге алдағы өтуге байланысты калибрлеу бойынша тәжірибелік мәселелерді түсіндіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған семинарлар өткізу ұсынылды.

Сапардың нәтижесі бойынша «ҚазМетрИн» РМК мен «ҰАО» ЖШС тарапынан жобалық ұсыныстарды іс-шараның біртұтас жоспарына біріктіру туралы келісімге қол жеткізілді, оның арқасында «2017-2019 жылдарға орталық Азия елдерінде сапа инфрақұрылымын бекіту» жобасы іске асырылады.

Тізімге оралу