8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын жыл сайын өткізудің ережелері

13.05.2020 Қазақстан Республикасы Президентінің 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 153-од Бұйрығына сәйкес «Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын өткізу қағидасына (ары қарай – Қағида) төменде көрсетілген өзгерістер енгізілді:

Конкурс жыл сайын, келесі мерзімдердің сақталуымен өткізіледі:
1) қонкурсқа қатысу үшін өтініштер мен материалдарды қабылдау – конкурс өтетін жылдың 3 сәуіріне дейін;
2) материалдарды қарау, конкурстық жұмыстарды бағалау – конкурс өтетін жылдың 15 маусымға дейін;
3) конкурсқа қатысушылардың сөз сөйлеулерін тыңдау, баяндаманың ұсынылу сапасын бағалау - конкурс өтетін жылдың 19 маусымға дейін;
4) конкурсты қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау - конкурс өтетін жылдың 6 шілдеде өтетін Бүкіләлемдік метрология күнін мейрамдау құрметіне орай ұйымдастырылатын іс-шараларда.

Бүгінгі күні Қағидаға сәйкес конкурсқа 14 ғылыми конкурстық жұмыстар қабылданды. Конкурсты қорытындылау мен жеңімпаздарды марапаттау ағымдағы жылдың шілде айының 6-шы жұлдызы күні өткізіледі.

«Жылдың үздік жас метрологы» конкурсын жыл сайын өткізудің ережелері

Тізімге оралу