8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру

Мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыру

12.12.2019 2019 жылғы 12 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің алаңында Сауда және интеграция министрлігінің мемлекеттік қызметтерін пилоттық режимде іске қосу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша 2019 жылғы 18 желтоқсаннан бастап «электрондық лицензиялау» веб-порталында пилоттық режимде «Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» автоматтандырылған мемлекеттік қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтініш беру және нәтижелерді беру бойынша баламаны алып тастау туралы шешім қабылданды.

Кеңес хаттамасында, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін алуда көрсетілетін қызметті алушыларға әдістемелік көмек көрсетілетіні атап өтілді.

Бұдан басқа, осы мемлекеттік қызметті автоматтандыру нәтижесінде қажетті құжаттардың тізбесі 0-ге дейін қысқартылды (мәліметтер нысаны толтырылады).

Пилоттық режим кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметтің оңтайландырылған бизнес-процесі іске қосылатын болады, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады.

Тізімге оралу