8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Метрология журналы

2017 жылы «Метрология» ғылыми-техникалық журналы Біріңғай электронды кітапхана және Қазақстандық сілтеме базасына енгізілді.

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ бағалау нәтижелері бойынша «Метрология» журналының баспалау бойынша рәсімделуі ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық баспалар. Баспаға жарияланатын материалдардың рәсімделуі» және ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Құрудың жалпы талаптары мен ережелері» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

Қазақстандық сілтеме базасы – Қазақстанның ғалымдары мен мамандарының отандық немесе шет елдік басылымдарда жарияланатын жариялымдары, сондай-ақ қазақстандық авторларға сілтеме жасалған кездегі библиографиялық толық ақпаратты жинайтын және өңдейтін жүйе. Қазақстандық сілтеме базасының статистикалық мәліметтері жарияланымдық белсенділігін және жеке авторлардың сілтемесін, сондай-ақ қазақстандық журналдардың импакт-факторларын анықтауға мүмкіндік береді.