8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Сапа менеджменті жүйесі

«Қазақстан метрология институты» РМК («ҚазМетрИн» РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасындағы метрология жөніндегі жалғыз институт болып табылады.

«ҚазМетрИн» РМК құрылымына Астана қаласындағы бас кәсіпорын және бес филиалы кіреді: ISO 9001 талаптарына сәйкес «ҚазМетрИн» РМК менеджмент жүйесі 2005 жылдан бастап енгізілген және «EUROASIA MS» ЖШС сертификатталған, сәйкестік сертификаты 2017 жылғы 2 қазандағы №KZ/7500133.07.03.00442.
   

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу; өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелеріне салғастыру және зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізу, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша жұмыстарды жүргізу; шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану; өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшеулерді орындау әдістемелерін, салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу; өлшем құралдарын өндіру және жөндеу; стандарттық үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексеру газ қоспаларын өндіру; өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізу; өлшеулерді орындау әдістемелеріне аттестаттау жүргізу; метрологиялық сараптама жүргізу; шама бірліктерінің эталондарына салғастыру жүргізу және қатысу; өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ жүргізу, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдығына аттестаттау жүргізу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін жүргізу; өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілердіің сертификаттарын қайтарып алу; салыстырып тексеру таңбаларын әзірлеуді ұйымдастыру; салыстырып тексеру әдістемелерін апробациялау, метрология бойынша әдістемелік көмекті, серверлер мен жабдықты үйлестірілген әлемдік UTC(kz) уақытының ұлттық шәкілін білдіретін уақыт пен жиілік эталонымен үйлестіру бойынша қызметтерді іске асыру.

«ҚазМетрИн» РМК ISO Guide 34; ISO/IEC 17025 стандарттарына сәйкес Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азиялық ынтымақтастығының (КООМЕТ) сапа менеджменті жүйесін тану туралы куәлігі бар.


«ҚазМетрИн» РМК және оның филиалдары, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2009, ҚР СТ ИСО/МЭК 17043-2012, ҚР СТ 7.6-2009 талаптарына сәйкес аккредиттеудің ұлттық жүйесінде («Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС) аккредиттелген.