8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Бағдарламалық қамтамасыз ету

«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі»

«Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Поверка» АСУ бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуі аяқталғанын және бақылауды жүргізу мен салыстырып тексерілетін өлшем құралдары бойынша есепті ұсыну және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру үшін «Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі» бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі енгізілгенін хабарлайды.

Бағдарламаны жүктеу (rar/4,5Мб) (қайта орнату барысында енгізілген мәліметтер нөлденеді) (бағдарламаны орнатқаннан кейін жаңғыртуды жасау қажет)

2017 жылғы 17 наурыздағы жаңғырту. Жалпы жаңғыртуды жүктеу (rar/311Кб)

Өзгерістердің тізімі:
Нұсқау:
  1. Бағдарламаның сақтық көшірмесін құру үшін «Мәліметтер қорын мұрағаттау» «сервис» арқылы жасаңыз.
  2. «Шығу» арқылы бағдарламадан міндетті түрінде шығыңыз.
  3. Сізде бағдарлама орнатылған жұмыс бумасын анықтаңыз (тәсілдердің бірі – жұмыс алаңында бағдарлама таңбашасында оң жақ түймені басқанда «Қасиеттер» таңдаңыз және «Жұмыс бумасы» мағынасын қараңыз.
  4. Орындау үшін тіркемеден файлды іске қосыңыз. «Тағайындау бумалары» сұрау салу барысында қажеттілігіне қарай «Жұмыс бумасы» мәніне өзгертіңіз және «Шығарып алу» түймесін басыңыз.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығымен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларына сәйкес, салыстырып тексеретін субъектілер салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректерді келесі есеп беретін айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімге тоқсан сайын МҒМО-ға беретінін қосымша хабарлаймыз.

Есепті электрондық түрде: eupsi@kazinmetr.kz мекенжайына жіберіңіз.

Техникалық сұрақтар бойынша бағдарлама әзірлеушісіне хабарласыңуызды сұраймыз: amkim@mail.ru +7-701-330-03-37