8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Ғылыми қызмет

2017 жылғы 15 наурыз айынан бастап «ҚазМетрИн» РМК ғылыми ұйым ретінде ҚР БҒМ –мен аккредиттелді.

Институтта 6 техника ғылымдарының кандидаты, 1 метрология саласындағы PhD докторанты, 50-ден аса магистранттар мен магистрлер қызмет жасайды.
  1. Нақты уақыт режимінде орындау орындарында оларды пайдалануға берілетін сұйықтық шығындарының метрологиялық сипаттарын бақылауға арналған автоматтандырылған жүйе әзірлеу және зерттеу;
  2. Изотоптар рубидия негізінде жоғарытұрақты жиілік реперлары (су бұрқақтары) қоспалары мен құрылымдарын зерттеу;
  3. Табиғи тағамдық бояулар сапасының қазіргі заманға сай талаптарға сәйкестігін бағалау үшін метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу;
  4. Этил спиртінде уытты микроприсместер қоспалар құрамындағы мемлекеттік стандарттық үлгілер әзірлеу;
  5. Қазақстан Республикасындағы аэрокосмостық салаларға арналған отандық біріңғай уақыт жүйесін құру бойынша зерттеулер жүргізу және тұжырыма әзірлеу.
  1. Уақыт жиілігі саласында салғастыру жүргізуге арналған бір каналды қабылдағыш әзірлеу.
  2. Қаттылық пен жабысқақтық бойынша аттестатталған МСҮ жаңа типін әзірлеп зерттеу.
МСҮ, СГҚ, ӨҚ, ӨОӘ, зертханааралық салыстырмалы сынауды (ЗСС) жүргізуді әзірлеу ғылыми зерттеу нәтижесі болып табылады, анығырақ айтқанда экономика қажеттілігін талдауды жүргізуді, тиісті өлшем құралдар мен әдістерді таңдауды, экспериментальды зерттеулерді, алынған нәтижерді дұрыс түсіндіру мен өңдеуді қажет етеді. Аталған жұмыстардың ғылыми құрамының барлығын анықтау тиісті нормативтік құжаттарда көрсетілген: ғылыми-техникалық есеп құру (ГОСТ 8.315-97, 5.8 б тармағы), біліктілікті тексеру бағдарламасын жүргізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (ЕЭК құжатының «Зертхана аралық салыстырмалы және басқа сынауды (зертханааралық салғастыру) жүргізуді ұйымдастыру тәртібі» 5б тармағы).

Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 2016-2017 жылдары мынадай мақалалар жарияланды:
  1. Ержігітов Е.С.// London Review of Education and Science, халықаралық журнал № 1(19), January-June, 2016, Volume III, Imperial College Press, 866-бет
  2. Ержігітов Е.С Science and Education Studies, Халықаралық журнал № 1(17), January-June, 2016, Volume II, Stanford University Press, 631-бет
  3. Ержігітов Е.С // «Ізденіс» ғылыми журналы, «Қазақстанның жоғары мектебі» Халықаралық ғылыми-педагогикалық журналына қосымша, № 2(3). 2016 ж шығарылым. (ЖАК журналы).
  4. Бектұрғанова Г.К., Веретельников Н.В.// XII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары «2016-XXI ғасырдағы білім және ғылым», Болгария, София, 17-25 қазан, 6-том, 2-4 беттер.
  5. Ниязбекова Р., Нукешев С., Бектұрғанова Г.и Шаншарова Л. Микросфер қоспаларымен цемент негізінде материалдар құрамын зерттеу // Сurrent Science, Vol. 112, No. 5, 10 March 2017. P. 1228-1238 (журнал Thomson Rеuters (импакт-фактор 0.967) және Scopus (рейтинг Q-2) базасына кіреді
  6. «метрология» ғылыми-техникалық журнал, 2016 г. № 1-4; 2017 г. № 1-2.
  7. Институтта 2004-2012 жылддардағы метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеу тақырыбында қорытылған 2 тақырып бар, олардың есебі «МҒТС» АҚ бекітілді және «ҒТИ ҰО» АҚ тіркелді.
Эталон орталығы базасында стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының 2 филиалы (С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ) ашылды. Аталған университеттердің студенттерімен ғылыми жұмыс жүргізіледі.

Зерттеулер нәтижелері олардың дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацитяларының негізі болып табылады. Көбінесе, мемлекеттік сынау коэффициенті эталондарында, бөліктердің дисперсті параметрлері, атомдық-күшті микроскоптарда зерттеу жұмыстары жүргізілді. Институт өкілдері «Үздік метролог» конкурсының тұрақты жеңімпаздары мен қатысушылары. Баяндамалар мемлекеттік эталондарда жүргізілген НИР қорытындылары болып табылады. Техникалық реттеу және метрология комитеті және «ҚазМетрИн» РМК уәкілдері магистрлік дисертациялар мен бакалавриаттардың дипломдық жұмыстарын қорғау және мемлекеттік емтихан қабылдау бойынша МАК жұмыстарын бірнеше рет басқарды.

Мүдделі ұйымдар үшін байланыс мәліметтері: +7 (7172) 75-07-31, bekturganova@kazinmetr.kz

Хабарландыру

NURINTECH инновациялық жоба бойынша республикалық жастар конкурсы жарияланды
Конкурс 4 кезеңнен тұрады, 1- кезең – өтінімдерді қабылдау 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін. Жеңімпаздар халықаралыө инновация конкурстарына қатысады.
Конкурстың шарттары мен мерзімдері бойынша ақпаратпен http://zhasotan.kz/ru/projects/43 сайтында таныса аласыздар.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау ашық
Ғылыми-техникалық қызмет не (немесе) ғылыми нәтижелердә коммерциялизациялау жобаларын қаржыландыру конкурсына қатысу үшін өтінім қабылдау ашық. Өтінім беру мерзімі – 2017 жылғы 26 шілдеге дейін.
Конкурс шарттарының бірі соинвестордың қатысуы, сондай-ақ «ҒТИ ҰО» АҚ тіркелген және МҒТС-дан өткен НИР қорытындыланған тақырыптың болуы http://science-fund.kz/?p=1925&lang=ru

Жаңа құжаттар
Сіздерді 2017 жылы 21-24 қарашада Мәскеу қаласында өтетін «Жаңа құжаттар» (www.n-materials.ru) халықаралық қатысумен өтетін Үшінші пәнаралық жастардың ғылыми форумына қатысуға шақырамыз. Қатысу және мақала жариялау тегін, ұйымдастырушылық төлем жойылды. Қатысуға (жариялауға) өтінім беру мерзімі 2017 жылғы 20 шілдеге дейін.