8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Еуразиялық экономикалық кеңес

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу

Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - Одақ халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік, оны құру туралы шартқа ЕурАзЭО Кеден одағының базасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылды және 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Одақтың құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіреді. Одақ қатысушы елдердің экономикаларын нығайту және «бір бірімен жақындастыру» үшін, әлемдік нарықта елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту үшін құрылды.

ЕАЭО шеңберінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың №10 қосымшасына - мүше мемлекеттердің өнімді өлшеу салыстырымдығы мен оның сәйкестігін бағалау (растау) нәтижелерінің Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін және өнімнің сандық көрсеткіштерін өлшеуді қамтамасыз ету мақсатында өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүзеге асырудың қағидаттары айқындалатын Хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) сәйкес іске асырылады.

Хаттамаға сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мүше мемлекеттер заңнамасын үйлестіру және мыналарды:
  1. өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларын бекіту жолымен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс нәтижелерін өзара тану тетіктерін құруды;
  2. олар үшін мүше мемлекеттер олардың көмегімен алынатын нәтижелердің Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ), ұлттық (бастапқы) эталондарға және (немесе) халықаралық шама бірліктерінің эталондарына метрологиялық бақылап отыруды қамтамасыз ететін шама бірліктері эталондарын, өлшеу құралдарын, стандартты үлгілерді және өлшеулердің аттестатталған әдістемелерін (әдістерін) пайдалануды;
  3. мүше мемлекеттердің тиісті ақпараттық қорларында қамтылған өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беруді;
  4. өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды орындаудың келісілген тәртіптерін қолдануды қамтамасыз ететін келісілген әрекеттер жүргізу арқылы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүзеге асырады.
Хаттаманы іскке асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақ бекіткен 10 нормативтік құжат әзірленді және бекітілді:

Құжаттың атауы Бекіту туралы құжат Күшіне ену күні
1 Еуразиялық экономикалық одақтың, соның ішінде олардың Халықаралық бірліктер жүйесімен (БЖ) арақатынасын қоса алғанда, техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын жүйеден тыс шамалар бірліктерінің тізбесі ЕАК Алқасының 2016 жылғы 21 қаңтардығы №34 шешімі 22.05.2015 ж.
2 Зертханааралық салыстырмалы сынаулар (зертханааралық салғастырулар) жүргізуді ұйымдастыру тәртібі ЕАК Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардығы №12 шешімі 29.01.2017 ж.
3 Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің жобасына, стандарттардың тізбесінің жобасына метрологиялық сараптама жүргізу тәртібі, оларды қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламентінің, зерттеу (сынау) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидасын қамтитын стандарттар тізбесінің жобасы талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін тәртібі ЕАК Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардығы №10 шешімі 03.03.2017 ж.
4 Өлшеулер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібі ЕАК Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №21 шешімі 10.03.2017 ж.
5 Өлшеулердің референтті әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшеулер әдістемесін (әдісін) аттестаттау тәртібі ЕАК Алқасының 2016 жылғы 26 маусымдағыі №68 шешімі 10.03.2017 ж.
6 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді ұйымдастыру тәртібі ЕАК Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі №89 шешімі 10.03.2017 ж.
7 Өлшеу құралының типін бекіту тәртібі Кеңестің 2016 жылғы 18 қарашадағы №98 шешімі 10.03.2017 ж.
8 Стандартты үлгінің типін бекіту тәртібі Кеңестің 2016 жылғы 18 қарашадағы №97 шешімі 10.03.2017 ж.
9 Өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидалары Кеңестің 2016 жылғы 18 қарашадағы №145 шешімі 10.03.2017 ж.
10 Мүше мемлекеттердің ақпараттық қорларында қамтылған өлшем біртұтастығын қамтамасыз ету саласында мәліметтерді өзара беру тәртібі ЕАК Алқасының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №161 шешімі 10.03.2017 ж.