8 (702) 0000-667
Call-орталығы

Халықаралық ынтымақтастық

Метрология саласында халықаралық ынтымақтастықты мына шеңберде жүзеге асырылады:
- Халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйым (ХЗМҰ), 1955 жылғы 12 қарашада құрылған. Қазіргі кезде ЗМХҰ құрамында 57 толық құқылы мүше және 58 мүше-корреспондент бар.
Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗХҰ-ның толық құқылы мүшесі болып табылады («Халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы) Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның (ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті) басшысы Қазақстан Республикасының ХЗМҰ комитетіне мүше болып табылады, «ҚазМетрИн» РМК жұмыстарды ХЗХҰ ТК аясында жүзеге асырады.
ХЗМҰ мүшелік қазақстанға метрология саласындағы халықаралық нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға, республиканың өлшем құралдарын сынау нәтижелерін және метрологиялық қызметті шетелдерде тану үшін негіз құруға мүмкінік береді.

ХЗМҰ шеңберінде мынадай:
Шама мен салмақ бойынша бас конференция (ШСБК);
Шама мен салмақ бойынша бас конференция (ШСБК) 1875 жылы 20 мамырда құрылды. Қазіргі кезде ШСБК-нің құрамында 58 - толық құқылы мүше және 41-қауымдасқан мүше бар. Негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасы Шама мен салмақ жөніндегі бас конференцияға (ШСБК) қауымдасқан мүше ретінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте кірді, 2006 жылғы 6 қаңтарда «Ұлттық өлшем эталондарын және ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшемдердің сертификаттарын өзара тану туралы келісімге қол (CGPM-MRA) қойды, 2008 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы ШСБК-нің толық құқылы мүшесі болып қабылданды.
ШСБК шеңберінде негізгі қызметі шетелдің Ұлттық метрологиялық институттары (ҰМИ) арасындағы халықаралық салғастыруларға қатысу және республиканың калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері туралы деректерді (СМС-деректер) ШСБК сайтындағы халықаралық деректер базасында жыл сайынғы жариялауда болып табылады.
Сондай-ақ Метрология және (ХӨСБ)   (JCRB) бойынша өңірлік ұйымдардың мәселелері жөніндегі біріккен комитеттің жұмысына, 4 жылда бір рет өтетін ШСБК отырыстарына қатысу жүзеге асырылады.
Халықаралық шама бірліктерінің эталондарын салғастыруларға қатысу нәтижелері бойынша қазіргі күні Халықаралық Өлшем және Салмақ Бюросының (ХӨСБ)  сайтында калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктерінің деректер базасында Қазақстан Республикасының калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктерінің (СМС) 58 жолы жарияланған (2017 жылғы наурыздағы жағдай бойынша).
CIPM MRA сәйкес сапа менеджменті жүйесін тану ИСО/МЭК 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сай жүзеге асырылады.
Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы-КООМЕТ. Қазақстан Республикасы КООМЕТ-ке 1998 жылғы қарашада кірді, Қазақстан атынан «ҚазМетрИн» РМК басшысы КООМЕТ Комитетінің мүшесі болып табылады.
КООМЕТ жұмысы КООМЕТ Комитетінің отырыстарына қатысу және келесі бағыттар бойынша: «Жалпы метрология», «Электр және магнетизм», «Расходометрия», «Ұзындық және бұрыш», «Салмақ және оған байланысты шамалар», «Физика-химия», «Термометрия және жылуфизика», «Уақыт және жиілік», «Стандарттық үлгілер», «Заңнамалық  метрология», «Сапа Форумы» және «Ақпарат және оқыту» 12 техникалық комиттеттің (ТК) жұмысына қатысу арқылы жүргізіледі.

ИСО/МЭК 17025 №QSF-R37 стандартына сәйкес 2015 жылдың 27 тамызында Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды филиалдарын қоса алғанда, «ҚазМетрИн» РМК сапа менеджменті жүйесін тану туралы КООМЕТ куәлігі алынды.
Қосымша 2017 жылдың 16 ақпанында стандарттық үлгілер бойынша ISO Guide 034 халықаралық стандарттарына сәйкестікке «ҚазМетрИн» РМК  тану туралы КООМЕТ куәлігі алынды.
Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңесі (ММК) ТМД-ның стандарттау, метрология және сертификаттау жөнінде келісілген саясатын қалыптастыру мен оны жүргізу жөніндегі үкіметаралық органы болып табылады.

ММК 1992 жылдан бастап қол қойылған және 2015 жылы мемлекеттердің басшыларымен қайтадан қол қойған ұлттық «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісім» шеңберінде ММК қызметіне қатысады.
сәйкес стандарттау, метрлология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру, көрсетілген салаларда мемлекетаралық стандарттаудың, метрологияның, сертификаттау мен аккредиттеудің негізгі бағыттарын анықтау үшін құрылды. ММК мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды. ММК-дің жоғары органы Келісімге қатысушы-мемлекеттерде жылына екі рет кезекпен өтетін ММК мүшелерінің мәжілістері болып табылады. Мәжілістердің арасында Кеңестің жұмысын басқаруды Төраға жүзеге асырады. ММК төрағасының функциясын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың басшылары кезекпен атқарады.

Қазақстан Республикасы ММК Кеңесінің отырыстарына, МетрҒТК, МетрҒТК  жұмыс тобының (ЖТ) мынадай:
- Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық (СӨҚ). 1991 жылдың қыркүйегінде Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастықтың халықаралық конференциясы шешімінің нәтижесінде СӨҚ құрылған болатын. Қазақстан Республикасы 1992 жылы СӨҚ-қа кірді, СӨҚ Бас кеңесінің мүшесі болып Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы болып табылады.

СӨҚ шеңберінде СӨҚ Бас кеңесінің, стандарттау және метрология  жөніндегі техникалық комитеттердің отырыстарына қатысу жүзеге асырылады, 2003 жылдан бастап СӨҚ метрология жөніндегі Кіші комитетінің шеңберіндегі жұмыстарға қатысылады.

- Халықаралық өлшемдер конфедерациясы (ИМЕКО), мемлекеттік емес ғылыми-техникалық федерация. Қазақстан Республикасы Халықаралық өлшемдер конфедерациясына 2007 жылдың 6 қыркүйегінде ИМЕКО-ның 38-ші мүшесі ретінде қабылданды.

Қазақстан Республикасы ғылыми және техникалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу, ғылыми ұйымдармен байланыс құру, ИМЕКО-ның “Measurement” («Өлшеу») журналына ғылыми жұмыстарды жариялау бөлігінде ИМЕКО жұмысына қатысуға мүдделі болып табылады.

Сондай-ақ ИМЕКО –мен өзара әрекеттестік Қазақстан Республикасы атынан КООМЕТ вице – президентінің функциясын анықтауға байланысты эталондар саласында КООМЕТ ынтымақтастығын үйлестіру бөлігінде КООМЕТ щеңберінде жүзеге асырылады.

- Азия-тынық мұхиттық метрологиялық бағдарлама (АРМР), 1977 жылы Тынық мұхит өңірінде құрылған өңірлік метрологиялық ұйым. Бүгінгі күні АРМР құрамында 24 тотлық құқылы мүше, 7 қауымдастырылған мүше бар. АРМР шеңберінде әртүрлі бағыттар бойынша 11 техникалық комитет (ТК) және Метрологияның жалпы мәселелері бойынша бір жұмыс тобы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы АРМР-дің қауымдастырылған мүшесі ретінде 2007 жылдың 2 қарашасында қабылданды.

АРМР шеңберінде АРМР ЖТ жұмысына, АРМР шеңберінде жүргізілетін түйінді салғастыруларға, сондай-ақ АРМР Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырыстарына қатысылады.

Екі жақты ынтымақтастық шетелдің келесі Ұлттық метрологиялық институттарымен жүзеге асырылады:
Қол қойылған екіжақты келісімдер мен меморандумдар шеңберіндегі мынадай: