engрусқаз
iздеу: 
Мемлекеттік сатып алу
Жаңалықтар
Отандық өлшеу құралдарын өндірушілер
Жаңалықтар
Техникалық база
Құқықтық база
Қызметтер
Халықаралық ынтымақтастық
Сапа Менеджменті Жүйесі
ЛАБОРАТОРИЯАРАЛЫҚ САЛЫСТЫРУ СЫНАҚТАР (ЛСС)
Семинарлар және курстар
КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» VII Халықаралық конкурсын өткізу туралы
«Үздік өлшеу құралы»

Институт туралы
Филиалдар
Байланысу мәліметтері
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Пайдалы сілтемелер




Жаңалықтар
  13.12.2016
«Қазақстан метрология институты» РМК Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келесі құжаттардың қабылданғанын хабарлайды:
1) «Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттерінде ақпараттық қорда орналасқан өлшем бірлігін қамтамассыз ету облысындағы ақпараттарды өзара беру тәртібі» (2016 жылдың 06 желтоқсандағы ЕЭК алқасының № 161 шешімі);
Тәртіп 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

http://my-files.ru/fp4tz2
  05.12.2016
КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» VII Халықаралық конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2017 жылдың 17-18 мамырында Астана қаласында алғаш рет мемлекеттік метрологиялық мекемелерінің Еуразиялық ынтымақтастығы (КООМЕТ) аймақтық метрологиялық ұйымының ұйымдастыруымен «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» Халықаралық конкурсы өтетіндігін хабарлайды. Конкурс «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» Халықаралық конкурсын өткізу тәртібіне сәйкес өткізіледі, R/GM/18:2013.
Конкурсқа КООМЕТ қатысушы- елдері (ТМД елдері және алыс шетел) мамандары және әлемнің барлық аймақтарындағы метрологиялық ұйымдардың (AFRIMETS, EURAMET, SIM, АРМР) мамандары қатысады.
Конкурстық жұмыстарды құрамында шет елдегі ұлттық метрологиялық институттардың жетекші маман-метрологтары және халықаралық метрологиялық ұйымдардың өкілдері бар халықаралық қазылар алқасы бағалайды.
Конкурстың қорытындысы бойынша екінші және үшінші орынға ие болған жүлдегерлер және «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» атағына ие болатын жеңімпаз анықталады. Қатысушыларға арналған негізгі шарт – конкурстық жұмыстың ағылшын тілінде болуы.
Конкурсқа ұсынылған жұмыс өз-еркімен немесе құрамына конкурста негізгі автор есебінде жұмысты баяндайтын үміткерді қосқанда саны 4 адамнан аспайтын авторлар тобымен орындалуы мүмкін.
«КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» Халықаралық конкурсын өткізу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының атынан «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» конкурсына қатысуға бағыттау үшін ТРМК Конкурсқа қатысатын үміткерлерді ішкі іріктеу турынан өткізеді.
Осыған байланысты республикада VII «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» халықаралық конкурсына қатысу үшін Қазақстан Республикасының атынан үміткерлерді іріктеу мен бағыттау бойынша, құрамына Қазақстан Республикасының метрологтар кеңесінің мүшелері кіретін Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылды. Жұмыстарды бағалау халықаралық конкурстың бағалау шарттары бойынша жүзеге асырылады. Қатысушылардың кандидатуралары 2017 жылдың 28 ақпан айына дейін анықталады.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарында қолданбалы және ғылыми метрологиялық қызмет саласындағы жұмыстарды атқаратын, жасы 35-тен аспаған жас мамандарды конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысу үшін ТРМК-не «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» Халықаралық конкурсын өткізу тәртібінің 5,6,7 қосымшаларына сәйкес рәсімделген келесі құжаттар жіберіледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған үміткерді тіркеу нысаны ; 2) ғылыми жұмыс (ағылшын тілінде) және баяндаманың электрондық нұсқасы; 3) конкурсқа қатысу үшін үміткер туралы анықтамалық мәлімет нысаны. (R/GM/18:2013, «КООМЕТ-тің Ең үздік жас метрологы» Халықаралық конкурсын өткізу тәртібін көшіру) http://my-files.ru/qasymb
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мен өтінім 2017 жылғы 1-ақпанға дейін мына мекен- жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 11-үй, Эталон орталығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінінің Техникалық реттеу және метрология комитеті.
Қосымша ақпараттарды 8 (7172) 27-09-84, 27-09-26, 27-09-30 телефондарынан және e-mail: kz_metrology@mail.ru, ops52@list.ru электронды пошталарынан алуға болады
  24.11.2016
«Қазақстан метрология институты» РМК Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келесі құжаттардың қабылданғанын хабарлайды:

1) «Стандарттық үлгінің түрін бекіту тәртібі» (2016 жылдың 18 қазандағы ЕЭК кеңесінің № 97 шешімі);
2) «Өлшем құралдарының түрін бекіту тәртібі» (2016 жылдың 18 қазандағы ЕЭК кеңесінің № 98 шешімі);
3) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидасы» (2016 жылдың 30 тамыздағы ЕЭК алқасының № 126 өкімі).

Тәртіптер 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

http://my-files.ru/chvl0o
  16.08.2016
«Қазақстан метрология институты» РМК Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келесі құжаттардың қабылданғанын хабарлайды:

1) «Референтті өлшем (тәсіл) әдістемесі ретінде қабылданатын өлшем (тәсіл) әдістемелерін аттестаттау тәртібі» (2016 жылдың 7 маусымда ЕЭК кеңесінің № 68 шешімі); http://my-files.ru/h6uakg

2) «Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді ұйымдастыру тәртібі» (2016 жылдың 26 шілдеден ЕЭК кеңесінің № 89 шешімі). http://my-files.ru/rlquii

  14.07.2016

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіРеттеуші құралдардың реттеуіш әсерлерін талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысандарды әзірледі:

Мемлекеттік эталондарды, өлшем бірлігі эталондарын тіркеу ережелерін бекіту бойынша уәкiлеттi органның енгізу функциялары; http://my-files.ru/2axfjy

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу тәртібін белгілеу бойынша уәкілетті органның функциясын енгізу; http://my-files.ru/wkpqeu

Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясына жататын өлшемдердер (өлшем құралдар) және оларға қойылатын метрологиялық талаптар тізілімін мемлекеттік басқару ұйымдарымен анықтау тәртібін белгілеу мен бекіту функциясын енгізу; http://my-files.ru/fcobuq

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру кезіндегі калибрлеу нәтижелерін пайдалану тәртібін құру жөніндегі уәкілетті органның кіріспесі; http://my-files.ru/j6qxuw

Уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік басқару органдары белгілейтін және бекітетін, мемлекеттік метрологиялық бақылау аясына жататын өлшем тізімдерін (түрлері) және өлшем құралдарын, сондай-ақ оларға болған метрологиялық талаптарды енгізу. http://my-files.ru/5bjuhu

Сіздердің ескертулер мен ұсыныстарыңызды karlygash_sat@mail.ru; zvetok284@mail.ru; aliya.alimbekova@list.ru электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.
  25.05.2016
«Қазақстан метрология институты» РМК Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келесі құжаттың қабылдағанын хабарлайды:

1) «Өлшемдер әдістемелерін (әдістерін) метрологиялық аттестаттау тәртібі» (2016 жылдың 19 қаңтарда ЕЭК алқасының № 2 өкімі және 2016 жылдың 17 наурызда ЕЭК кеңесінің № 21 шешімі).
http://my-files.ru/jjcnz7
  03.05.2016  |  Tолық

Мәскеу қаласында 27-28 сәуір аралығында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері қатысқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының мәжілісі өткізілді.

  16.03.2016

Халықаралық заңнамалы метрология бюросы 2016 жылғы Бүкіләлемдік метрология күніне арналған веб-сайтты әзірленген деп хабарлаймыз http://www.worldmetrologyday.org/

2016 жылғы Бүкіләлемдік метрология күнінің тақырыбы –«Динамикалық әлемдегі өлшемдер». Тақырып өлшемдердің және бізді қоршаған ортаның өзгерістерінің қарқынды дамуы салдарынан таңдап алынды.

Метрология ғылыми жаңалықтарда мен инновацияларда, өнеркәсіптік өндірістер мен халықаралық саудада, өмірдің сапасын жақсартуда және қоршаған ортаны ғаламдық қорғауда маңызды ролді ойнайды.

Бүкіләлемдік метрология күні 1875 жылдың 20 мамырында 17 ел өкілдерінің Метрлік конвенцияға қол қойған шарасын мерекелеу қарсаңында жыл сайын тойланады. Конвенция ғаламдық ынтымақтастықтың өлшемдер ғылымы және оның өндірістік, сауда және әлеуметтік бағыттары салаларының негізін орнатады.

Метрлік Конвенцияның ең алғашқы мақсаты – бүкіл әлемге орта өлшем бірлігін орнату - 1987 жылдары сияқты әлі күнге дейін ең маңызды болып табылады.

Бүкіләлемдік метрология күні жобасы Халықаралық өлшемдер мен бірліктер бюросы Халықаралық заңнамалы метрология ұйымымен бірігіп жүзеге асырылады.

  02.03.2016

«Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалы, Алматы қаласында 2016 жылы семинарлар мен дайындық, біліктілікті жоғарылату курстарын төмендегі тақырыптар бойынша өткізуді жоспарлайды: http://my-files.ru/e7c0e1

Бір маманның ҚҚС қоса алғанда 2 апталық курс оқу құны - 48 000,00 (қырық сегіз мың) теңге, 1 апталық курс оқу құны - 37 200,00 (отыз жеті мың екі жүз),

3 күндік семинар үшін оқу құны - 24 735,00 (жиырма төрт мың жеті жүз отыз бес) теңге болып табылады.

Оқыту мен тыңдаушыларды тестілеу табысты аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификаттар / куәліктер берілетін болады.

Топтар түскен өтініштері бойынша қалыптасады. Он немесе одан да көп тұлғалар тобы, сондай-ақ тыңдаушылар саны кем дегенде 15 адам болса, көшпелі жалдау бойынша жоспардан тыс курстар тобы болады.

Қызығушылық танытқан жағдайда «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ мекенжайына тыңдаушы саны мен кәсіпорнын реквизиттері көрсетілген оқу сұранымын 8(727)303-91-37 факс бойынша және электронды мекенжәйға abilakimovna@mail.ru жіберулеріңізді сұраймыз. Анықтама бойынша мына телефонға хабаласыңыздар 8 (727)303-89-88, 8-701-3969315 (Жанабаева Гульжан Абилакимовна, Шуйншкалиева Кансулу Жагпаровна). Біздің мекен-жай: Алматы қаласы, Алтынсарин даң.,83, Шаляпин к., 201 кеңсе.

  16.02.2016

«Қазақстан метрология институты» РМК, Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық бола тұрып, отандық өлшем құралдарын өндірушілерді қолдау және ынталандыру мақсатында «2016 жылғы «Үздік өлшеу құралы» конкурсының басталуы туралы жариялайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламасында көрсетілгендей, иннованциялық экономиканың дамуында заманауи аспап жасауды маңыздылығын белгілей отырып, отандық өлшем құралдарын өндірушілерді, «Үздік өлшеу құралы» конкурсын өткізу туралы бекітілген ережеге сәйкес, жоғарыда көрсетілген конкурсқа қатысуға шақырады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішті және материалдарды 2016 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады. Конкурсқа катысуға байланысты ақпаратты білу үшін 010000, Астана қ., Орынбор 11, «ҚазМетрИн» РМК мекен-жайы бойынша, 8 (7172) 27-09-83 телефоны бойынша және abakanov90@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша хабарласуыңызды сураймыз.


артқа | бастама | алдағы | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | келесі | соңы


Последние файлы:

артқа | бастама | алдағы | келесі | соңы
Казахстанский Институт Метрологии